Жылжымайтын мүлікті екі сағат ішінде тіркеуге болады
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бастамасымен ҚР Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізді. Енді нотариуста жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жасалған мәміледен кейін клиент қалауы бойынша қосымша сомаға нәтижені төлеу сәтінен бастап екі сағат ішінде жеделдетілген тәртіппен ала алады.
Қызмет көрсету уақытын қысқарту әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді.
Бұған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" Каѕрі компаниясымен бірлесіп, қызмет үшін қосымшада ақы төлеу мүмкіндігін іске асырған болатын Кaspi.kz нотариустарда жылжымайтын мүлікті тіркеген клиенттер үшін.
Анықтама үшін: Әділет министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен бекітілген "жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер 2021 жылғы 17 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.