Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын инспекциясы

Балқаш ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндеттерін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде, аудандық мәслихат              ШЕШІМ  ЕТТІ:

1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері бекітілсін.

  1. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3.«Балқаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Балқаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

 

Сессия төрағасы

 

Аудандық мәслихаттың хатшысы

 

 

Шешіміне қосымша

Балқаш ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері

 

 

 

№

Атауы

1 м2 үшін шығыстардың ең төмен мөлшері (теңге) айына

1

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері

47,37

 

Ескерту:м2 – шаршы метр

 

 

Есептеу

Балқаш ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу үшін кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерінің есебі

 

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу үшін 1-қосымшаға сәйкес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің міндетті тізбесі мен кезеңділігі пайдаланылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

        P min.жыл = (Р басқару+ Р к-ұстау) * К

       Р min - кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең аз шығыстар = 200 000,00 тенге;

Р басқару - осы Әдістеменің 1-қосымшасының 1-тармағында көзделген шығыстар;

Р к-ұстау - осы Әдістеменің 1-қосымшасының 2-тармағында көзделген шығыстар= 200 000,00 тенге;

      К - 2-қосымшаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді пайдалану мерзімі мен сипаттамаларына байланысты кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау шығыстарына жоғарылататын коэффициент і,бұл жағдайда ғимараттың 1,6-дан 21-ден 40 жылға дейінгі пайдалану мерзімі, IV сынып, 2-ден 5-ке дейінгі қабаттылығы есептелген.

P min.жыл =0 + 200 000,00 = 200 000,00 х 1,6 = 320 000,00тенге.

Кондоминиум объектісін басқаруға және өңір үшін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең төменгі Шығыстың мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

          В min = Р min.жыл /(s пайдалы *12 ай),  мұндағы:

         В min - кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған жарнаның ең төменгі мөлшері;

         Р жыл - кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасы= 320 000,00тенге;

S пайдалы - шаршы метрмен есептелетін кондоминиум объектісінің пайдалы алаңы= 20 064,09 м2.

"Балқаш ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ деректері бойынша Алматы облысы Балқаш ауданының аумағында жалпы пайдалы ауданы 20 064,09 м2 болатын 33 көп қабатты тұрғын үй бар, орташа пайдалы ауданы: 18 575,09 : 33 = 562,88 м2.

В min = Р min.жыл /(s пайдалы *12 ай)

320 000,0 / (562,88 х 12 мес = 6754,56 тенге) = 47,37 тенге за 1 м2 пайдалы алаңда.

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары Заңның                  10-3-бабының 1-тармағына сәйкес орындалған есеп негізінде кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекітеді.

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшері бір жыл қолданылады, қайта есептеуді инфляцияны ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері шығыстардың мөлшері туралы шешім қабылдамаған немесе бұрын меншік иелері тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған төлемақыны бекіту туралы шешім қабылдаған көппәтерлі тұрғын үйлерде қолданылады, бұл өкілді орган белгілеген үйге ортақ мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төмен мөлшерден аз.

Дата публикации
24 июня 2021
Дата обновления
24 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
Ақпарат
14 июля 2026
Балқаш ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
Ақпарат
14 июля 2026
Алматы облысы Балқаш ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы