"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2,4-тармақтарына сәйкес,
2023 жылғы 30 қазаннан бастап 03 қарашаға дейінгі аралықта "Балқаш ауданы әкімі аппараты" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде
- ұйымдастыру-басқару қызметінде
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда Сіз келесі телефон бойынша хабарласа аласыз: 87277395496.