Балқаш ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «19 » тамыздағы
№158 қаулысымен бекітілген
Утверждено постановлением
№158 акимата Балхашского района
«19 » августа 2025 года
«Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
ПОЛОЖЕНИЕ
государственного учреждения
«Отдел культуры, развития языков,
физической культуры и спорта Балхашского района»
Балқаш ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «19» тамыздағы
№158 қаулысына қосымша
«Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- «Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) аудандық бюджеттен қаржыландыратын мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Бөлім Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Мемлекеттік органның толық атауы - «Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері. Бөлімнің заңды мекен-жайы: 040300 Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Д.Қонаев көшесі, №66.
- Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
- Бөлім қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
- Бөлімге кәсіпкерлік субъектілермен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Миссиясы:
- Аудан аумағында халықтың мәдениетін және тілдерді дамыту, аталмыш саланың біртұтас мемлекеттік саясатын әзірлеп, жүзеге асыру, азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз ету. Аудан тұрғындарына мәдени ошақтар мен кітапханалар көрсететін қызметтерді дамыту;
- Аудан аумағындағы спорт, дене шынықтыру саласының біртұтас мемлекеттік саясатын әзірлеп, жүзеге асыру, тұрғындарға спорт қызметтерін көрсетуді жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спортты дамыту және тұрғындардың белсенді демалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
- Міндеттері:
1) Бөлім қолданыстағы заңдарға сәйкес, өзара қоғамдық-саяси, мәдени және спорт қарым-қатынастарының реттелуін, аудан тұрғындарының аталмыш саладағы тұтынушылық мүдделерінің қамтамасыз етілуін бақылайды және үйлестіруді жүзеге асырады. Сондай-ақ, аудан аумағында қазақтың ұлттық мәдениетін, тілін және спорт саласын дамыту жөніндегі ағымдағы және перспективалық бағдарламаларын әзірлеуге байланысты аудандық, кенттік және ауылдық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
2) Тілдерді дамыту саласындағы облыстық мекемеге жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманың (бұдан әрі –Тұжырымдама) орындалу барысы туралы талдамалық жиынтық ақпаратты енгізу;
3) Тұжырымдаманың нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізу;
4) Тілдік ахуал мәселелері, аудан тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейін бағалау бойынша әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу;
5) Мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған аудандық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;
6) Тексеру жүргізу нәтижесінде тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдау;
7) Тілдік белгісі бойынша кемсітуге жол бермеу, тілдік кемсітушіліктің алдын алу және болдырмау бағытында жұмыстар жүргізу;
8) Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде жарнама мәтіндерінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңына сәйкестігіне мониторинг жүргізу;
9) Маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру.
10) Облыстағы мәдениет және тілдерді дамыту жүйесінің қызметін мемлекеттік тұрғыдан қамтамасыз ету;
11) Ауданның тарихи және мәдени ескерткіштерін, мұражайлық соның ішінде жазбаша және мұражайлық экспонаттарды қорғау, оларды қалпына келтіру және бұзылудан сақтау және пайдалану жөніндегі жалпы мемлекеттік саясат бағдарламаларын әзірлеу, оларды жүзеге асыру;
12) Мәдениет ошақтары мен кітапханалар қызметін үйлестіру, аудан кітапханалары мен мәдениет үйлерінің ұсынатын ақпараттары мен мәдени құндылықтарына баршаның қол жеткізуіне, шығармашылық кештердің анағұрлым толық ашылуы мен дамуына жағдай жасау, аудан тұрғындарына көрсетілетін қызметтің кепілді көлемін ұсыну;
13) Аудандағы мәдениет және тілдерді дамытудағы мекемелер мен кәсіпорындардың, кенттік және ауылдық әкімдіктерінің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету;
14) Ауданның спорт саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асырады, спорт саласын дамытудың стратегиясын әзірлейді;
15) Аудан әкімі аппаратында мәселесі қаралатын дене шынықтыру және спорт мекемесінің материалдық-техникалық базасын сақтау, қажеттіліктерге сәйкес спорт жүйесінің жаңа объектілерін салу жөнінде жобалардың ұсынысын әзірлеу;
16) Мекемелер мен кәсіпорындарды спорт мәселелері жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз етеді;
17) Түрлі ведомстволар ұйымдастыратын спорт бағытындағы біртұтас күнтізбелік жоспарларды бекітеді, ауданда дене шынықтыру-сауықтыру, спорт шараларының өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
18) Мүдделі бөлімдермен, ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бірігіп, спорт саласындағы жас таланттарды дайындау және дамыту бойынша жұмыс жүргізеді, спорттық мектептердің жүйесін дамытуды, сондай-ақ оларда дайындық жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіреді. Ауданда спорттық командаларды дамытуды жүзеге асырады және олардың облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді.
- Функциялары:
- Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты, облыстық және аудандық мақсатты бағдарламаларды жүзеге асырады, мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің жобаларын аудан әкімінің қарауына белгіленген тәртіппен ұсынады, аудандық әдістемелік орталықтар базасында мәдениет және тілді дамыту проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер өткізуді ұйымдастырады, олардың нәтижелерін қорытып, іс жүзіне енгізеді.
- Аталмыш сала аясында кенттік және ауылдық әкімдіктердің мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің бағдарламаларына ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.
- Өнер туындыларын жасауға мемлекеттік - әлеуметтік шығармашылық тапсырыстар қалыптастырады, көркемділігі жоғары драмалық, музыкалық, хореграфиялық, бейнелеу, қолданбалы декоративті эстрадалық өнер туындыларын жасалауын қамтамасыз ететін байқаулар ұйымдастырады.
- Тарихи ескерткіштерді есепке алу, материалдық және рухани мәдениетті қорғау, қалпына келтіру, пайдалану және насихаттау істерін жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпте тарихи-мәдени мұраларды қорғау және оны пайдалану мәселелері бойынша ережелер, ақпараттар әзірлейді және бекітеді.
- Белгіленген тәртіпте ауданның мәдени қайраткерлеріне, мәдениет және тілді дамытуға үлес қосқан азаматтарға лауазым иелеріне құрметті атақтар беру, мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар беру жөніндегі ұсыныстар енгізеді.
- Мәдениет жүйесінің жаңа обьектілерін салу мен жобалауды ұйымдастыру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс енгізеді, мәдени ағарту, кітапхана кадрларын, жаңа мамандар даярлау қажеттілігін болжайды, аудан кадрларының біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіреді. Мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруға бөлінген ақшаны белгіленген тәртіпте жұмсайды;
- Белгіленген тәртіпте ауданның дене шынықтыру және спорт қайраткерлеріне, спортты дамытуға үлес қосқан азаматтарға, лауазым иелеріне құрметті атақтар мен мемлекеттік наградалар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
- Аудандық әдістемелік орталықтар базасында спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер өткізуді ұйымдастырады, олардың нәтижелерін қорытып, іс-жүзіне енгізеді, аталмыш салалардағы мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің бағдармаларына ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.
- Ауданың спорт мекемелерінің кадрлармен қамтамасыз етілуін зердейледі, оларға жаңа мамандар даярлау қажеттіліктерін болжайды, аудан кадрларының біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіреді. Спорт саласы кадрларының аттестациясын жүргізу ережелерінің сақталуын бақылайды.
- Ауданның құрама командаларын дайындауды жүзеге асырып, спорттық шараларға қатысуын қамтамасыз етеді, мүдделі ұйымдармен бірігіп спорттық резервтерді дайындау жұмыстарын жүргізеді, оқу-жаттығу процесінің жұмыстарын қадағалайды.
- Белгіленген тәртіппен спорттық дәрежелер, төрешілік санаттар береді, спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, жастар, спорт ұжымдарын жүлделермен, сыйлықтар, вымпелдер, жеңіс ленталарымен, жетондармен, дипломдармен, грамоталармен, ақшалай сыйлықтармен марапаттайды.
- Құқықтары мен міндеттері
- Бөлім өкілеттілігі болған жағдайда ережелер мен бөлімнің қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлейді және бекітеді.
- Бөлім мекемелер мен кәсіпорындардан ақпарат жинауды ұйымдастырады және оларға ақпарат жеткізеді, әртүрлі ведомстволар ұйымдастыратын аудандық қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу жоспарларын үйлестіреді, мәдениет және спорт саласындағы бірыңғай күнтізбелік жоспарларды бекітеді.
- Мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізеді.
- Мүдделі ұйымдармен бірлесіп тілді дамыту аясында кадрлар даярлау бойынша жұмыс жүргізеді.
- Мүдделі бөлімдермен, ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіпөнердегі, спорттағы жас таланттарды даярлау және дамыту бойынша жұмыс жүргізеді, бағыныштылығына қарамастан, қолданбалы өнер мектептерінің, жас әншілер, күйшілер, термешілер, ақындар даярлау мектептерінің желісін дамытуды, сондай-ақ оларда дайындық процесін ұйымдастыруды үйлестіреді. Ауданда фольклорлық, эстрадалық-цирк, хореографиялық, театр, хор ұжымдары мен спорт командаларын дайындауды жүзеге асырады және олардың облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға, спорттық жарыстарға, турнирлер мен байқауларға қатысуын қамтамасыз етеді.
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сала қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
- Мәдениет және спорт мәселелері бойынша есептерді дайындауды жүзеге асырады.
- Бөлім ауыл әкімдерінің ұсыныстары негізінде аудандық және ауылдық мәдениет үйлерінің, аудандық кітапханалар мен музейлердің директорларын, спорт мекемелерінің директорларын тағайындайды және осы құрылымдық бөлімшелердің басшыларын қызметінен босатады.
- Мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың құрылымы мен жағдайын, қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын талдайды, шығармашылық ізденістерді, олардың инновацияларын қолдайды, олардың тәжірибесін зерттейді және таратады. Мәдениет пен спортты, жүйенің басқарушы кадрларын дамыту, оларды әдістемелік, құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
- Бөлім мәдениет және спорт сұрақтары бойынша конференциялар, семинарлар өткізеді.
- Бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтардың өтініштерін, шағымдарын қарайды. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүргізеді, олардың заңды талаптары мен негізделген өтініштерінің орындалуын қамтамасыз етеді, ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың қызметінде анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды.
- Бөлім келісім-шарт негізінде мәдениет пен тіл саласын дамытуды ғылыми-ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу және іске асыру үшін мәдениеттің ғылыми-зерттеу ұжымдарын, баспаларды, сценаристерді, қоюшы режиссерлерді, өнертанушы ғалымдарды тартуға құқылы. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын барлық мәмілелер қазынашылық бөлімшесінде тіркеледі.
- Заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
- Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
- Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
- Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіктерді бөлуді жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 729 бабы, 2-1 тармағы).
4) Заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
5) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
6) Мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін қорғайды;
7) Бөлімнің қаржылық қаражаттарын, мүлкін басқарады, банк мекемелерінде есеп-шоттарды ашады және жабады, олар бойынша қаржылық операциялар жүргізуді жүзеге асырады, қаржылық құжаттарға қол қояды, қаржылық және есептілік тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;
8) Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық туралы құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындмағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болады;
9) Өз құзыреті шегінде заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
- Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
- Мемлекеттік органның мүлкі
- Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
2.Бөлімге бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу
- Бөлімнің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының шешімімен енгізіледі.
- Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
- Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
- Балқаш ауданы әкімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
- «Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Балқаш ауданының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.