Балқаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2020 жылдың 01 желтоқсанға бюджет қаражатының игерілуі туралы мәліметі
Оның ішінде:
1) Бөлімді ұстап тұруға (еңбекақы, салықтар, байланыс қызметі, 1С бағдарламасының қызметі т.б.) 10 008 000 теңге бөлінді, 11 айда 8 687 669,37 теңге игерілді.
2) Мәдениет үйлерін ұстап тұруға 142 682 000. Оның ішінде: еңбекақы, салықтар, байланыс қызметі, жарық қуаты т.б. 106 195 000 теңге бөлінді. Ақжар ауылдық мәдениет үйін ағымдағы жөндеуден өткізуге 4 760 000 теңгеге, ұлттық және сахналық киімдер тіктіруге 5 000 000 бөлініп, толығымен игерілді. 12 ауылдық мәдениет үйлеріне видеоқондырғылар орнатуға 4 000 000 теңге бөлініп, игерілді. Өрт сөндіру дабыл қондырғыларын орнатуға 7 800 000 бөлініп, игерілді. Жиделі ауылдық клубы мен Желтораңғы ауылдық мәдениет үйіне жылыту қазандықтарын орнатуға 5 000 000 бөлініп, игерілді. 11 айда 132 755 000 теңге игерілді.
3) Тілдік іс-шараларды өткізуге 1 035 000 бөлінді, 11 айда 835 000 теңге игерілді.
4) Негізгі құралдар сатып алуға 187 760 теңге бөлінді, 187 760 теңгеге 1С бағдарламасы сатып алынып, келісім-шарт жасалды.
5) «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Береке ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге 216 604 000 теңге бөлініп, ашық конкурс жарияланды, конкурс нәтижесі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына 207 664 398 теңге 14 тиынға «ИКАР-СТРОЙ» ЖШС-мен келісім-шарт жасалынып, 11 айда 189 483 000 теңге 00 тиын игерілді. Техникалық қадағалау жұмыстарына «УКС» ЖШС-мен 6 354 530,0 теңге 00 тиынға келісім-шарт жасалынып, 11 айда 4 500 000 теңге 00 тиын игерілді. Авторлық қадағалау бойынша «АМБ» ЖШС-мен 2 584 267 теңге 84 тиынға келісім-шарт жасалынды. Жалпы 11 айда 193 983 000 теңге игерілді.
6) Құйған ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу 2019-2020 жылдарға өтпелі кезеңмен 128 960 200 теңгеге, құрылыс-монтаждау жұмысына «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС-мен келісім-шарт жасалынып, жұмыстар толық аяқталып, 01 маусым 2020 жылы пайдалануға берілді.
7) Балатопар ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеуге ЖСҚ даярлауға, хабарлама ашық конкрусқа 2020-2021 жылдарға берілді.
8) Кітапханаларды ұстап тұруға 49 397 000 теңге бөлініп, 10 айда 41 970 000 теңге игерілді.