Балқаш аудандық мәслихатының «Балқаш ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 19-76 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Балқаш аудандық мәслихатының «Балқаш ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 19-76 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Балқаш аудандық мәслихатының «Балқаш ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 19-76 (Алматы облысы Әділет Департаментінде 2024 жылғы 29 сәуірде № 6115-05 болып тіркелген) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

8-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.

8- тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

2) электр энергиясын тұтыну нормасы тұтынушыларға айына:

1 адамға – 70 киловатт; 2 адамға – 140 киловатт; 3 адамға – 180 киловатт; 4 және одан көп адамға – 210 киловатт;

8-тармақтың 4 тармақшасы 4-1 тармақшамен толықтырылсын:

      4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

      1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;

      2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

      3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

      бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;

      бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;

      4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;

      5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;

      6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;

      7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;

      8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;

      9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;

  1. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының «Жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, мәдениет, білім, заңдылық, денсаулық сақтау және экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Дата публикации
22 декабря 2025