Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиевтің 2025 жылғы 29 қазандағы Балқаш ауданының тұрғындарымен кездесуінде көтерілген проблемалық сұрақтарды шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

 

Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиевтің

2025 жылғы 29 қазандағы Балқаш ауданының тұрғындарымен кездесуінде

көтерілген проблемалық сұрақтарды шешу жөніндегі

 ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

 

№

Өтініш берушінің

аты-жөні, елді мекені

Сұрақ

Мәселелерді шешу шаралары

Мерзімі

Жауаптылар

1.

Ж.ИМАНҚҰЛОВ

Топар ауылы, көшесі, № үй

1) «Сұңқар-Қаншеңгел-Топар-Құйған» облыстық маңызы бар автомобиль жолының «Қаншеңгел-Топар» тас жолы аралығына жөндеу жұмыстарын жасап берсеңіздер.

 

 

 

 

Ағымдағы жылы белгіленген аумаққа ЖСҚ жасау жұмыстарын жүргізіп, келер жылға жөндеу жұмыстарын жүргізу шараларын қабылдасын.

2025-2026 жылдар

Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Балқаш ауданының әкімдігі

 

Ә. Масабаев

(бақылау)

 

 

2) Мал ұрлығы үдеп тұр. Ұрлыққа тосқауыл қоятын пост жасап берсеңіздер.

Ауданға қажеттілігін анықтап, жазбаша түрде жауап ұсынсын.

2025-2026 жылдар

Алматы облысының полиция департаменті

 

Балқаш ауданының әкімдігі

 

Б. Бақытұлы

(бақылау)

2.

Қ.ОРЫНБАЕВ

Ақдала ауыл тұрғыны, Мұратбаев көшесі, №3 үй

«Өтес» агро-фирмасына арендаға  жерімді 10 жылға бергенмін. Уақыт өте келе берілген жерлердің арендалық уақытын 49 жылға заңсыз создырып алыпты. Осы бойынша көмек берсеңіз.

Балқаш ауданы әкімі бақылауға алып, сотқа беру шараларын жүргізсін.

2025-2026 жылдар

Алматы облысының жер қатынастары  басқармасы

 

Балқаш ауданының әкімдігі

 

Б. Бақытұлы

(бақылау)

3.

С.ТҮСТІКБАЕВ

Бақбақты ауылы, Ж.Жабаев көшесі,

№19 үй.

1) Ауылымызда 3510 халық тұрады. Аудан орталығына дейін 45 шақырымды құрайды. Экстренный жағдайларда аудан орталығына дейін науқасты жеткізу үшін, ауданнан жедел жәрдем көлігін күтіп қаламыз. Ауыр халдегі науқасты аудан орталығына уақытылы, дер кезінде жеткізу үшін жедел жәрдем көлігін алып берсеңіздер.

2025 жылы алынатын жаңа көліктерді ауданның қажеттігіне қарай үйлестіру шараларын қабылдасын.

2025-2026 жылдар

Алматы облысының денсаулық сақтау  басқармасы

 

Балқаш ауданының әкімдігі

 

Ғ. Майлыбаев

(бақылау)

 

 

2)Өрт тілсіз жау. Ауданнан қашық орналасқан ауылмыз, көршілес ауылдар : Бірлік, Миялы, Бақбақты ауылдарына бір өрт сөндіруші көлік берсеңңіздер.

Аудан қажеттігіне қарай көлікпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілсін

 

2025-2026 жылдар

Алматы облысының төтенше жағдайлар басқармасы

 

Балқаш ауданының әкімдігі

 

Ә. Масабаев

(бақылау)

 

 

3) Аң аулауға рұқсат қағаз Алматы қаласында беріледі. Біздің ауданға бұл пайдасыз. Келген азаматтар біздің аң-құсты аулап, артынша арттарын ластап кетеді. Сол мәселені бір қарап берсеңіздер.

 

Балқаш ауданы әкімдігі облыс деңгейіндегі табиғи парк құру жөнінде ұсыныс беру шараларын қабылдасын.

2025-2026 жылдар

Алматы облысының туризм басқармасы

 

Алматы облысының кәсіпкерлік басқармасы

 

Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы

 

Балқаш ауданының әкімдігі

 

Р. Исатаев

Б. Бақытұлы

(бақылау)

 

 

4) Қазіргі кезде броконьерлер балықты тоқпен аулауларын тоқтатпай жатыр. Бұл жағдай ауданға кері әсерін тигізіп жатыр. Балық азайып барады. Осы мәселені бей-жай қарамай, бір нақты іс-әркеттер қабылдасаңыздар.

Заңсыз балық аулау жұмыстарының алдын- алу шараларын жүргізсін.

2025-2026 жылдар

Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы

 

Алматы облысының

Балық инспекциясы

 

Балқаш ауданының әкімдігі

 

Б. Бақытұлы

(бақылау)

 

 

5)Бақанас-Алматы бағытында автобус жүргізіп берсеңіз

Жеке автопарк тарту немесе тасымалдауды ұйымдастыру жұмыстарын пысықтасын.

2025-2026 жылдар

Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Балқаш ауданының әкімдігі

 

Ә. Масабаев

(бақылау)

4.

Н.ҚАШҚЫНБАЕВ Балатопар ауылы,

Б.Жұпарбаев көшесі,  №10 үй.

 

Мен Балатопар ауылының тұрғынымын. Ауылымыздағы фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) 1967 жылы салынған. Соңғы рет күрделі жөндеу 2002 жылы жасалған. Қазір ғимараттың жағдайы орташа, жыл сайын ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Дегенмен, уақыт өте келе ғимарат ескіріп, тозығы жетті. Сол себепті ауыл тұрғындары атынан жаңа ФАП ғимаратын салып берулеріңізді сұраймыз. Ауыл халқы үшін медициналық қызметтің сапалы әрі қолжетімді болуы өте маңызды. Сіздер осы мәселені назарға алып, Балатопар ауылында жаңа ФАП ғимаратын салу жөнінде шешім қабылдайсыздар деп үміттенеміз.

Келер жылға БМК орналастыру жұмыстары жүргізілсін.

2025-2026 жылдар

Алматы облысының денсаулық сақтау  басқармасы

 

Алматы облысының экономика  басқармасы

 

 

Балқаш ауданының әкімдігі

 

Ғ. Майлыбаев

(бақылау)

5.

Г.ТӘТТІБЕКОВА

Бақанас ауылы, Самал көшесі, №10/1 үй

Қатерлі ісік ауруына шалдыққанмын. Жолдамамен химия терапия және дәрі-дәрмек алу үшін 2024 жылдан бері жүгіріп жүрмін. Аудандық аурухана қызмметкерлері көмек бермеді. Мәселемді шешіп беруіңізді сұраймын.

Қабылдау жұмыстарын жүргізіп, медициналық тексеруден өткізіп, жәрдем көрсетілсін.

2025-2026 жылдар

Алматы облысының денсаулық сақтау  басқармасы

 

Балқаш ауданының әкімдігі

 

Ғ. Майлыбаев

(бақылау)

6.

С.НҰРМҰХАНБЕТОВ

Үшжарма ауылы, Алтынсарина көшесі, №7 үй

1)Үшжарма ауылының тұрғынымын. Біздің ауылға газ жүргізіп беруге ықпал етсеңіздер.

Келер жылға бастапқы қаражаты қарастырылып, газ тарту жұмыстарын бастау жұмыстары ұйымдастырылсын.

2025-2026 жылдар

Алматы облысының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы

 

Балқаш ауданының әкімдігі

 

Ә. Масабаев

(бақылау)

 

 

2)Ауылымызда екі көше бар. Сол екі көшеге жөндеу жұмыстарын жасап берсеңіздер.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу шаралары қарастырылсын.

2025-2026 жылдар

Балқаш ауданының әкімдігі

 

Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Ә. Масабаев

(бақылау)

 

 

3)Және де ауыл халықының тағы бір ұсынысын айтсам. Ауылымыздағы саябақты жөндеп берсеңіздер.

Аудан әкімдігі тарапынан жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылсын.

2025-2026 жылдар

Балқаш ауданының әкімдігі

 

Алматы облысының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы

 

Ә. Масабаев

(бақылау)

7.

Б.ШЫБЫҚБАЕВ

Ақдала ауылы, Ахметов көшесі, № 11 үй

1) Ақдала ауылында 1988 жылы салынған 2 қабатты спорт ғимараты орналасқан. Қазіргі таңда ауыл балалары көрші Бақанас ауылына қатынап, жаттығу жасайды. Осы ғимаратты жөндеуден өткізіп, ауыл балаларына спортпен шұғылдануға жағдай жасалса.

Техникалық тексеріс жүргізіп, ғимараттың жарамдылығын тексерістен өткізсін немесе жаңа ғимарат салу қажеттілігі зерделенсін. 

2025-2026 жылдар

Алматы облысының спорт басқармасы

 

Балқаш ауданының әкімдігі

 

Ғ. Майлыбаев

(бақылау)

Дата публикации
17 ноября 2025