Балқаш ауданы Бақанас ауылы Достық көшесіндегі № 99, № 100, № 101, № 102, № 103, № 104, №105, № 106, № 107, № 108, №109, № 110, № 111, № 112, № 113, № 114, № 115, № 116, № 117, № 118 орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын үйлердің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері

Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылды:

А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, теңге);

Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);

Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;

Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай–ақ жер учаскесін күтуіне қажетті төлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін, теңге).

Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.

Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» ҚР 1.04-26-2011 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.

Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

А = Ц/Т/12+Р;

Ц = 15 176 000 теңге / 69,43 м2 (техникалық төлқұжаттың деректеріне сәйкес үйдің жалпы көлемі) 218 580 тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

Т = 100 жыл;

Р = 0 теңге;

А = 218 580 : 100 : 12 + 0 = 182,15 теңге бір шаршы метр үшін айына.

Дата публикации
17 ноября 2020