ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес 2020 жылғы 9-шы қараша    күні сағат 11-00 де Балқаш ауданы, Балатопар ауылдық округі, Балатопар ауылында орналасқан Балатопар ауылдық мәдениет үйі залында «Балатопар ауылына қарасты  Топар көшесінің атауын Мүлкібеков  Әбен көшесі деп   қайта атау туралы» мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Балатопар ауылдық әкімшілігі.

 

Қосымша мәлімет

         Мүлкібек Әбен – 1930 жылы  Алматы облысы, Балқаш ауданы, №11 ауылда дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарына дәл келді. Бала болса да тылдағы еңбекке жанын аямай араласты. Әкесі мен туған ағасы Ұлы Отан соғысынан оралмады.Еңбек жолында қарапайым жұмысшы, қамбашы, кассир болып жұмыстар атқарды. 1953 жылы Қарабек селосында «Қызыл отаудың» меңгерушісі болып, одан кейін 1965 жылдан 1990 жылға дейін «Құйған» совхозында автоклуб меңгерушісі болып зейнетке шыққанша қызмет атқарды. Маман ретінде озық тәжірбиесі туралы Күрті аудандық «Шұғыла» газетінен бастап Алматы облысының «Жетісу» республикалық «Социалистік Қазақстан» газетіне дейін насихаттап жазды.1978 жылы «Ерен еңбегі үшін» құрмет грамотасымен марапатталды. 1979 жылы 10 сәуірінде еңбекшілерге коммунистік тәрбие берудегі жетістіктері үшін Қазақстан Комунистік партиясының Күрті аудандық комитеті мен Халық депуттары Күрті аудандық Советі атқару комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды. Аудан мәдениетін өркендетуге елеулі үлес қосқаны үшін партия мен үкімет тарапынан ескеріліп, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1979 жылғы 19 қыркүйектегі Указы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы берілд. Ұзақ жылғы еңбек нәтежиесі үшін  Алматы облыстық Халық депутаттары Кеңесінің 1985 жылғы 16 мамырындағы шешімімен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Қазақ ССР-і Мәдениет жөнінде мемлекеттік комитетінің төрағасы М.Ахметованың 1990 жылғы 24 қаңтардағы №25 бұйрығымен СССР Мәдениет Министрлігінің «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.  1990  жылы еңбекшілерге коммунистік тәрбие берудегі көп жылдық белсенді қызметі үшін және 60 жасқа толуына байланысты Қазақстан коммунистік партиясының  Күрті аудандық комитеті мен Халық депутаттары Күрті аудандық Советі атқару комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.

   

 

 

 

 

Дата публикации
10 октября 2020