«Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Регламентін бекіту туралы» Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 47 қаулысына толықтыру енгізу туралы

«Алматы облысы Балқаш ауданының  аумақтық сайлау комиссиясының

Регламентін бекіту туралы» Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 47 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңының                      26-бабына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 12) тармақшасына сәйкес Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Регламентін бекіту туралы» Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 47 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

Аумақтық сайлау комиссиясының Регламенті мынадай мазмұндағы             5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 11-1) тармақшасының негізінде сайлау процесіне қатысушылар арасында құқықтық ағарту және сайлау мәдениетін арттыру шеңберінде диалог алаңдарын және жастармен, оның ішінде жас сайлаушылар клубы форматында өзара іс-қимылдың өзге де нысандарын құруға құқылы».

  1. ОсықаулыАлматыоблысы Балқаш ауданыныңаумақтықсайлаукомиссиясыныңинтернет-ресурсындажариялансын.

 

 

         Төраға                                                                         Д. Садыкбаев

 

         

          Хатшы                                                                      В. Мешитбаева

 

 

 

 

Бақанас ауылы,  

2025 жылғы 7 тамыз

№ 14

Дата публикации
08 августа 2025