Халықпен жұмыс
2025 жылы Бос жұмыс орындарына 670 адамды жіберу жоспарланып, бүгінде 249 адам тұрақты жұмысқа орналасты (37,1%). Оның ішінде міндетті зейнетақы жарнасы бар – 149 адам.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 663 адам жіберу жоспарланып, 546 адам жіберілді (82,3%). Оның ішінде міндетті зейнетақы жарнасы бар – 417 адам;
Мемлекеттік грант (400 АЕК)
Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 20 мемлекеттік грант беру жоспарланып, бүгінде 9 азаматқа грант берілді.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 49 адам жіберу жоспарланып, бүгінде 39 адам оқуға жіберілді.
Сонымен қатар, ваучер бағдарламасы бойынша 4 адамды оқыту жоспарланып отыр.
1851 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып (тұрақты – 1038, уақытша – 813), бүгінде 819 жаңа жұмыс орындары ашылды (43,9%) (тұрақты – 296, уақытша – 523).
Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК)
2025 жылдың 3 тоқсанында АӘК тағайындауға барлығы 48 өтініш қабылданып, 7 отбасына бас тартылды және 35 отбасына тағайындалып
6 учаскелік комиссияның қарауына жіберілді.