Интернет арқылы жеке зейнетақы шотыңызды бақылау жақсы.

«ЕНПФ» АҚ салымшыларды (алушыларды) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы тұрақты хабардар ету жұмыстарын жүргізеді.

Өз ЖЗШ-ның жай-күйін ЕНПФ кеңселеріне жеке жүгінген кезде, сондай-ақ дәстүрлі пошта арқылы және электронды тәсілдермен үзінді-көшірме алу арқылы білуге болады.

Бүгінгі таңда ЖЗШ жай-күйі туралы хабардар етудің ең танымал тәсілі – интернет байланысы арқылы. Оны ЖЗШ иелерінің 6,6 млн-нан астамы (барлық ЖЗШ-лардың жалпы санының 54,2%-ы) таңдаған. Бұл ретте салымшылар мен алушылар 5 762 454 шоттың жай-күйін enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе ENPF мобильді қосымшасы арқылы кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен біледі. Мұндай хабардар ету тәсілін таңдағандардың саны бір жылда 225 125 адамға (4%) артты.

ЕНПФ-да көрсетілген мекенжайға электронды пошта арқылы үзінді-көшірме алатындар – 853 954 адам. Ол шот иесіне таңдалған кесте бойынша электронды поштаға келеді: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын.

Дәстүрлі пошта арқылы үзінді-көшірме алуды әлі де 1 297 726 адам қалайды. Бұл 2015 жылы, яғни 5 жыл бұрын пошта байланысын хабардар ету тәсілі ретінде 2 939 233 салымшы мен алушы таңдаған кездегі көрсеткіштен 44%-ға аз, бұл бұл хабардар ету түрінің сұранысының төмендегенін көрсетеді.

«ЕНПФ» АҚ салымшы (немесе алушы) егер ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені жылына бір рет дәстүрлі пошта арқылы алуды қаласа, бірақ тұрғылықты мекенжайын өзгертсе, Қорды бұл туралы хабардар етуі қажет екенін хабарлайды. ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында мекенжайды өзгерткеннен кейін 10 күн ішінде хабарлау қажеттігі қарастырылған. Әйтпесе, пошта операторы зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені адресатқа жеткізе алмайды және ол Қорға қайтарылады. Келесі жылы ЕНПФ мұндай салымшыға (алушыға) үзінді-көшірме жібермейді, оның хабардар ету мәртебесі «анықталмаған» деп көрсетіледі.

Дата публикации
24 июля 2025