«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнындағы 2024-2025 оқу жылының І-жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі
Өзекті мәселесі: Дарынды оқушылардың талабын ұштап, өнерге деген құштарлығын арттыру
Мақсаты:
Дарынды балалар үшін өнер және мәдениет саласында мамандық таңдауға көмек көрсете отырып, тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, рухани тәрбиелеу, жеке тұлғаның мүмкіндіктерін ашу
Міндеттері:
-Оқушылардың білім қажеттіліктерін, олардың шығармашылық қабілеттерін, ерте бейімдік бағдарлануын қамтуға ықпал ету.
-Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін іске асыру үшін жағдайлар жасау.
-Әртүрлі музыка аспаптарын меңгеруге үйрету.
-Оқушыларға көркем және эстетикалық тәрбие аясында қосымша білім беру.
Атқарылған жұмыстар бойынша
Оқу- тәрбие жұмысының жоспарын талдау және жаңа оқу жылының мақсатын анықтау, міндетін белгілеу және оқу жылында мұғалімдерді оқу жүктемесімен, лауазымдық міндеттерімен таныстырумен қатар мектептің тарификациялық және аттестаттау комиссиясының құрамын бекіту тақырыбындағы №1 педкеңес 28 тамызда өтті.
2024-2025 оқу жылында Домбыра, қобыз, баян, фортепиано, вокалдық ән айту, сурет, тігін-тоқыма, киімді көркемдеп үлгілеу, хореография, айтыс,театр мамандықтарына 329 оқушы қабылданды. Оқушылардың әлеуметтік статустары анықталып, ұлттық білім беру деректер қорына мәліметтер толтырылды.
Оқушылардың білімін бағалау мақсатында тоқсандық сынақтар әр тоқсанның соңында тұрақты өткізіліп отырады.
Сонымен қатар аудандық мерекелік іс-шараларға ұстаздармен қатар оқушылар белсене атсалысты. Атап айтқанда: ауданның мәдениет күні, қарттар мерекесі, ұстаздар күні, Республика күні және т.б мәдени шараларда өз өнерлерін паш етті.
«Төрт тоқсан-төрт өнер» мәдени ағартушылық жобасы мен «Әншуақ» қазақ тіліндегі Республикалық балалар әндері фестивалі аясында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушыларымыздың орындауындағы әндер Тик-ток желісіне жүктеліп отырды.
Біліктілік арттыру курсы бойынша:
2024-2025 оқу жылының қараша айында «Сәндік қолданбалы өнер» тақырыбында бөлімшелерден тігін-тоқыма сыныбының мұғалімдері Түменбаева Светлана, Абдраева Эльвира, Төлеу Айгерім және киімді көркемдеп үлгілеу сыныбының оқытушысы Ерұланқызы Шапағат 40 сағаттық онлайн форматта ақылы негізде біліктілік арттыру курсынан білімдерін жетілдірді.