Балқаш аудандық қоғамдық кеңесі
мүшелерінің жалпы жиналысының
Жиналыс төрағасы: Ақылбеков Қанат Ақылбекұлы
Хатшы: Кенебаева Бота Несипбаевна
Отырысқа қатысқандар: (тізім бойынша)
Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, барлығы 7 адам.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
-Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы – Нарбаев Ғалым Рақымұлының «Мемлекеттік қызмет көрсету» есептік баяндамасы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Мемлекттік қызмет көрсету туралы Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы – Нарбаев Ғалым Рақымұлының есебі тыңдалды.
Қойылған сұрақ: К.Камзин аудандық қоғамдық кеңес мүшесі
Мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімі кешіктіріліп көрсетілген қызмет орын алдыма? Мемлекеттік қызмет көрсетуде қандай ұсыныстарыңыз бар?
Жауап: Кешіктірілген фактілер орын алған жоқ, Мемлекеттік қызмет көрсетуде жаңа ұсыныстар жоқ.
Ұсынылады: Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімі мемлекеттік қызметтер жайлы жәрмеңке өткізіп, тұрғындарға түсіндірме жұмысы жүргізіліп, мерзіміне сай жауабы берілсін. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 02 қарашадағы №383 Заңына сәйкес, қоғамдық кеңестердің қоғамдық бақылау саласындағы өкілеттіліктерін іске асыру 4-тарау, 23-бабына сәйкес, жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама жүргізіліп, есепті тыңдау нәтижелері бойынша шешім қабылданды.
Балқаш аудандық қоғамдық кеңесі шешім етті:
2025 жылғы 20 маусымда өткізілген аудандық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында берілген:
Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы – Нарбаев Ғалым Рақымұлының «Мемлекттік қызмет көрсету туралы» есептік баяндамасы қанағаттанарлық деп танылды және атқарылған жұмыстарға оң баға берілді.
Жиналыс төрағасы: Қ.Ақылбеков
Хатшы: Б.Кенебаева