Балқаш ауданының мемлекеттік қызметкерлер
арасында Әдеп кодексінің сақталуы туралы.
Балқаш ауданы бойынша штат бірліктерінің саны 131 (аудан әкімі аппаратында 19, ауылдық округ әкімі аппаратары 76, бөлімдер 36) бүгінгі күнге нақты жұмыс істеп отырғандардың саны – 122. Мемлекеттік қызметшілердің 38,2 пайызы әйел (41 азаматша), 61,8 пайызы ер азаматтар (81 азамат).
122 мемлекеттік қызметшілердің 106-ы жоғары білімді, яғни 80,9 пайызы, 16-і (19,1 пайызы) арнаулы орта білімді мамандар.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) аудан әкімі аппараты барлық 15-бөлім, 15 селолық округ әкімдері аппараттарының ғимараттарында ілінген. Осындай Әдеп аудан әкімінің интернет сайтында орналастырылған.
Балқаш ауданының мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен толықтай таныстырылды.
Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған азаматтар Әдеп Кодексімен үш күннің ішінде міндетті түрде жазбаша таныстырылады.
Сонымен қатар ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарына және аудандық бөлімдерге әдеп кодексінің нормаларын сақтау жөнінде және әдеп нормаларын бұзған жағдайда тәртіптік жазаға тартылатындықтары жөнінде ескерту хаттары жолданған, бүгінде осыларды басшылыққа алып жұмыс жасауда.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштерде түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайлар орын алған жоқ. Сонымен бірге, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын бұзған фактілері орын алған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал ету мақсатында 2025 жылы аудандық бөлімдердің және Балқаш ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерінің және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен Балқаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау», «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне сыйақы беру практикасына жүргізілген талдау» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері» тақырыптарында жиындар ұйымдастырылып өткізілді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 11 жеке консультативті көмек көрсетілді, оның ішінде: мемлекеттік қызметшілерге 9, жеке және заңды тұлғаларға 2. Азаматтардың жеке қабылдаулары 30, бұл жұмыстар ары қарай жалғасын табатын болады.
2025 жылдың қаңтар айынан бері аудандық «Балқаш өңірі» газетін 1 мақала жарияланған. Оның барлығы жағымды материалдар. Интернет желісіне шыққан 4 мақала жарияланған. Барлығы жағымды материалдар.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілетін анонимді сауалнамаға қатысушылардың саны 114. Сауалнама нәтижесі бойынша 112 мемлекеттік қызметшілердің 100 пайызы қазіргі уақыттағы жұмыс регламенті тиімді деп көрсеткендері анықталды.