Жер сілкінісінің алғашқы түрткісі кезінде
Газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (түрткі күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз - олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.Егер сіз автомобильде болсаңыз, түрткілер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.Есте сақтаңыз: жер сілкінісі кезінде адам өлімінің сирек кездесетін себебі болып жер қабатының қозғалысы табылады. Жер сілкінісі кезіндегі қайғылы оқиғалардың басты себептері болып табылатындар:
Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз.
Қатерге шалдыққандарды қоқыстан арылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды талап етпесе.Радиоқабылдағышты қосыңыз.Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз.Ашық отты пайдаланбаңыз.Жер сілкінісі кезінде өзіңіз болған ғимараттан шығар алдында абай болыңыз.Радионы қосулы күйінде ұстаңыз, қызметтердің белгілерін тыңдаңыз.Анық зардап шеккен ғимаратқа жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Есте сақтаңыз, бір минутты да жоғалтпау керек. Адамды ауруханаға дереу жеткізіңіз.
Үйінді кезінде қалай әрекет ету қажет
Терең демалыңыз, дағбырға бой алдырмаңыз, ең маңыздысына ойыңызды жинақтаңыз, кез-келген жолмен тірі қалуға тырысыңыз, көмектің міндетті түрде келетініне сеніңіз. Мүмкіндігінше өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Болған жағдайға икемделуге тырысыңыз және жан-жағыңызға қараңыз, мүмкін жолын іздестіріңіз. Сіз қайда екеніңізді, өзге адамдар қасыңызда бар-жоғын анықтауға тырысыңыз: тыңдаңыз, дыбыс білдіріңіз.
Балқаш ауданының ТЖБ