Балқаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балқаш ауданының әкімі А. Құтпанбетов
Балқаш ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша
Күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі
- «Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы» Балқаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 04 мамырдағы № 53 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-6-72 тіркелген);
- «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы» Балқаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 04 мамырдағы № 54 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-6-73 тіркелген);
- «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Балқаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4100 тіркелген);
- «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Балқаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 33 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген);
- «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Балқаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 34 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4174 тіркелген);
- «Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Балқаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4173 тіркелген).