Аудан бойынша 2025 жылдың 6 айлығында барлығы 1065 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
(Аудан бойынша барлығы 54 түрлі мемлекеттік қызметтер 15 ауылдық округтер мен 9 бөліммен көрсетіледі)
Балқаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 09 желтоқсандағы №74-ө н/қ өкіміне сәйкес, Балқаш ауданындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау іс-шараларын жүргізудің 2025 жылға арналған жоспары бекітілген.
Балқаш ауданындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау іс-шараларын жүргізу бойынша:
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуы жөнінде құрылған талдау тобының жұмыстары бойынша 5 іс-шара жүргізілген. Кемшіліктер бойынша мекеме басшыларына бірқатар ұсыныстар берілді. Брайль тақтайшасын орнату, қоңырау түймесін ауыстыру, пандустын тұтқаларын (поручень) талапқа сай келтіру және т.б. Бүгінгі таңда барлығы талапқа сай келтірілді.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы жұмыстары бойынша Қоғамдық кеңестің отырысында 2 мекеме қаралды. Кеңесте берілген барлық ұсыныстар толығымен орындалды. Атап айтқанда жәрмеңке өткізу т.б.
Сонымен қатар Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы барлығы 56-мемлекеттік мекемеде ашылған (мектептер, бала-бақшалар, ауылдық округтер, бөлімдер, сервистік әкімдікте).
6 айда бұрыштар арқылы барлығы 225 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Бұрыштар толығымен оргтехникамен қамтылып, азаматтарға барлық қолайлы жағдайлар жасалынған.
Сервистік әкімдік арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-301.
Бұған қоса халыққа үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. 6 ай ішінде: 46 - жәрмеңке, ашық есік күндері өткізіліп, «Балқаш Өңірі» газетіне 8 мақала жарияланды. 2-видеоролик түсіріліп, 6-билборд көше бойына ілінді. 2301-нұсқамалықтар таратылды. Барлық іс-шараларға-4500 адам қатысты.
Барлық мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерге заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізіп, заң бұзушылықты болдырмау туралы ескертіліп отырылады. Алдағы уақытта жұмыстар өз мәнінде жалғасын табатын болады.