Ауданның тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жұмысы туралы

 

Ауданның тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй

инспекциясы бөлімінің жұмысы туралы

 

 

  1. 1. Желтораңғы ауылының су құбырын қайта жаңғырту және салу құрылыс жұмыстарына04.2024 жылы 416 547 985.19 теңгеге «Асыл-Тау» ЖШС мен №09 келісім-шарт жасалған. 2024 жылға 220 950 903,29 теңгеге қосымша келісім жасалып игерілген. Алматы облысының сәулет құрылыс бақылау басқармасынан  құрылыс жұмыстарын бастау жөнінде хабарлама алынған. Құрылыс жұмыстары 15.05.2024 жылдан басталып, аяқталу уақыты 30.06.2025 жылы аяқталатын болады. 04.03.2025 жылы 195 597 081.9 теңгеге №9-4 қосымша келісім жасалды.

 Бүгінгі күнге дейін 7 500  метр су құбыры толығымен салынды.  41 су құдығы (колодец) қойылып, іші толығымен жиналды. Сонымен қатар 60 метр тереңдікте жаңа су ұңғымасы қазылып, іске қосылды. Диаметрі 20 мм құрайтын 25 тұрғын үйге 1800 метр су құбыры тартылды. Күзетші орыны (КПП) толығымен салынды. 2-ші су сору станциясының шатыры ауыстырылып, ішкі қабырғасы сыланды және ішкі ауласындағы құбырлармен құдықтары ауыстырылды. Сонымен қатар ауыл ішіндегі 75 құдықты жөндеу жұмыстары  жүргізілді. 30 дана жарық бағаналары орнатылды.    1-ші сорғы станциясынан бастап 2-ші сорғы станцияға дейінга аралықтағы құбырдың траншеясы қазылып, құбыры орнатылуда. 2-ші сорғы станциясының насостары орнатылды. Құрылыс басында  11 адам, 2 техника (3х1 эксковатор) жұмыс істеуде. Бүгінгі күнде 79% құрылыс жұмыстары аяқталған.

  1. 2. Ақкөл ауылының су құбырын қайта жаңарту және салу құрылыс жұмыстарына 04.2024 жылы 596 002 230,92  теңгеге «Асыл-Тау» ЖШС мен №10 келісім-шарт жасалған. 2024 жылға 344 416 095,45 теңгеге қосымша келісім жасалып игерілген. Алматы облысының сәулет құрылыс бақылау басқармасынан  құрылыс жұмыстарын бастау жөнінде хабарлама алынған. Құрылыс жұмыстары 29.04.2024 жылдан басталып, аяқталу уақыты 30.06.2025 жылы аяқталатын болады. 04.03.2025 жылы 251 586 135,47 теңгеге №10-4 қосымша келісім жасалды.

          Бүгінгі күнде дейін 7 500  метр су құбыры толығымен салынды. 22 жол асты өтпелі (прокол) қазылды. 7 500 метр су құбырының желісіне 73 су құдығы (колодец) толығымен орнатылды.  145 тұрғын үйге диаметрі 20 мм құрайтын 7 520 метр құбыр тартылды. Су мұнарасы (башня) толығымен орнатылды. Ескі су жинау резервуарына толығымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2 жаңа су ұңғымасы қазылып, іске қосылды. Ақкөл ауылында орналасқан 4 бюджеттік мекемеге және 5 көшеге су құбыры қосымша тартылды. Сонымен қатар су тоспасының (водозабор) ауласының қоршауы және 18 дана жарық бағаналары толығымен орнатылды. Күзетші орыны қаланды. 2-ші сорғы станциясы қаланды. Су тоспасының ауласының бордюрлары орнатылуда. Құрылыс басында  9 адам, 3 техника (1 3х1 эксковатор, 2 эксковатор) жұмыс істеуде. Бүгінгі күнде 82% құрылыс жұмыстары аяқталған.

  1. Бірлік ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту және салу құрылыс жұмыстарына 12.03.2025 жылы «Асан М Компани» ЖШС-мен 482 165 982,70 теңгеге №10 келісім-шарт жасалды. Алматы облысының сәулет құрылыс бақылау басқармасынан  құрылыс жұмыстарын бастау жөнінде хабарлама алынған. Құрылыс жұмыстары 21.04.2025 жылдан басталып, аяқталу уақыты 21.10.2025 жылы аяқталатын болады.

           Бүгінгі күнде диаметрі 110 мм 4029 метр, диаметрі 63 мм 448 метр және  диаметрі 25 мм 7167 метр су құбыры толығымен салынды. 88 су құдығы (колодец) қойылды. 37 дана өрт гидранты қойылды. 17 жол асты өтпелі (прокол) қазылды. Су тоспасының (водозабор) ауласынан 104 метр су құбыры және 6 су құдығы (колодец) орнатылды. Сонымен қатар 150 м3-ты 2 дана резервуар құйылуда. 2 дана су ұңғымасы тазаланып, насостары орнатылды. Модульді 2-сорғы станциясының табаны құйылды. Электр желісінің жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс басында  14 адам, 3 техника (2 эксковатор, 1 камаз) жұмыс істеуде. Бүгінгі күнде 59 % құрылыс жұмыстары аяқталған.

         Техникалық қадағалау жұмыстарына «Люкс Проект» ЖШС мен 11 468 662,13 теңгеге келісім-шарт жасалды.

         Авторлық қадағалау жұмыстарына «Redline Pro» ЖШС мен 2 667 425,60 теңгеге келісім шарт жасалды.

  1. Құйған ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту және салу құрылыс жұмыстарына 12.03.2025 жылы «Асан М Компани» ЖШС-мен 718 235 699,78 теңгеге №10 келісім-шарт жасалды. Алматы облысының сәулет құрылыс бақылау басқармасынан  құрылыс жұмыстарын бастау жөнінде хабарлама алынған. Құрылыс жұмыстары 21.04.2025 жылдан басталып, аяқталу уақыты 21.10.2025 жылы аяқталатын болады. Бүгінгі күнде 65% құрылыс жұмыстары аяқталған.

         Бүгінгі күнде диаметрі 125 мм 3 257 метр, диаметрі 110 мм 10 568 метр, және диаметрі 63 мм 1471 метр,  диаметрі 25 мм 7486 метр су құбыры толығымен салынды. 37 жол асты өтпелі (прокол) қазылды. 100 су құдығы (колодец) толығымен орнатылып, ішкі бөлігі жиналды. Су тоспасының (водозабор) орыны дайындалып, қоршауы орнатылды. 100 м3 2 дана резервуар орнатылды. 1-ші сорғы станциясынан бастап 2-ші сорғы станцияға дейінга аралықтағы 560 метр құбыр салынды. Құрылыс басында 15 адам, 7 техника (3 эксковатор, 1 манупулятор, 1 газел, 1 камаз) жұмыс істеуде.

           Техникалық қадағалау жұмыстарына «Люкс Проект» ЖШС мен 16 556 065,34 теңгеге келісім-шарт жасалды.

           Авторлық қадағалау жұмыстарына «Redline Pro» ЖШС мен 5 796 502,88 теңгеге келісім шарт жасалды.

  1. Бірлік ауылы Т.Рысқұлов көшесін абаттандыру құрылыс жұмыстарына –«Асыл-Тау» ЖШС-мен 10.04.2025 жылы 388 947 253,74  теңгеге №14 келісім-шарт жасалған. Алматы облысының сәулет құрылыс бақылау басқармасынан  құрылыс жұмыстарын бастау жөнінде хабарлама алынған. Құрылыс жұмыстары 10.06.2025 жылдан басталып, аяқталу уақыты 11.10.2025 жылы аяқталатын болады. Бүгінгі күнде саябақ орынын нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар уақытша қоршау жұмыстары жүргізілуде.
  2. Жиделі ауылындағы саябақты абаттандыру құрылыс жұмыстарына –«Казахстан Строй Техно» ЖШС-мен 10.04.2025 жылы 195 445 200,99 теңгеге №15 келісім-шарт жасалған. Алматы облысының сәулет құрылыс бақылау басқармасынан  құрылыс жұмыстарын бастау жөнінде хабарлама алынған. Құрылыс жұмыстары 15.04.2024 жылдан басталып, аяқталу уақыты 15.08.2025 жылы аяқталатын болады.

        Бүгінгі күнде уақытша қоршауы орнатылды және саябақ ауласындағы ескі мектепті бұзылып, тазаланды. Саябақ орыны тегістеліп, 400 метр су құбыры салынды. 25 метр тереңдікте су ұңғымасы қазылды. 647 метр жер асты электр желісін салу жұмыстары толығымен аяқталды. Саябақ ауласындағы 380 метр жаяу жүргінші жолының негіздемесі салынуда.

 

 

 

 

Дата публикации
22 июля 2025