Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы маусым айының 16-ы күні сағат 15-00-де Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, аудандық «Аманат» партиясының залында Бақанас ауылының шығысында орналасқан атауы бар көшеге ҰОС-ның ардагері Абдыхай Назтаев көшесі деп қайта атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Байланыс телефондары:  91645, 91742.

 Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты.

 

Абдыхай Назтаев, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Қазақстан Республикасы  халық ағарту ісінің үздігі, Балқаш ауданың Құрметті азаматы. Кезінде партия, совет органдарында қызмет етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан, адал еңбегімен абыройға бөленген, үлкендер сыйлап, кішілер ізет көрсеткен, өз өлкесіне кеңінен танымал қадірменді Азамат. Мұғалім болып, талай шәкірт тәрбиелеген үлгілі ұстаз. Мектептерде көп жыл директор болған Әбекең аудандық «Балқаш еңбегі» газетіне де редактор ретінде басшылық жасаған. Өмірден көргені мен түйгені мол.

Абдыхай Назтаев 1924 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, 14-ші ауылында туған. Ол ел басына түскен қиындықты халқымызбен бірге көтеріп,1942 жылы ауылдастарымен соғысқа аттанған. 1942-1945 жылдар аралығында бүкіл Еуропаның қалаларын жаудан азат етуге ат салысты.

Қиян-кескі соғыс жылдары үш рет жаралы болып, Братислава қаласында 9 мамырда Жеңіс күнін қарсы алып, туған жеріне жеңіспен оралды. 1944-1945 жылдары Армия құрамында лейтенанттар даярлайтын училищеде оқыған. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің запастағы майор шені бар. Соғыс жылдары көрсеткен ерлігі үшін орден, медальдармен марапатталып, елінде, туған жерінде абыройлы оралған.

Халыққа жасаған адал еңбегі жоғары бағаланып, «Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі», Республика Жоғары партия ұйымдарының Құрмет грамоталарымен, медальдарымен бірнеше рет марапатталды. Абдыхай Назтаев бар өмірін еліміздің өркендеуі мен тәуелсіздігінің нығаюына басшылық қызметтерде жүріп, жан аямай атсалысқан.

Дата публикации
24 мая 2025