Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы маусым айының 23-і күні сағат 15-00-де Балқаш ауданы, Балатопар ауылдық мәдениет үйінде Балатопар ауылының солтүстік аймағында орналасқан Құрылтай көшесінің атауын Ұлы Отан соғысының ардагері Әйпеисов Әбіләш көшесі деп қайта атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.
Байланыс телефондары: 96631, 96804.
Балатопар ауылдық округі әкімі аппараты.
Әйпеисов Әбіләш, 1922 жылы Балқаш ауданы, Жиделі ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Жиделі ауылының мектебін бітірген. Ұлы Отан соғысына 1941 жылы алғашқылардың бірі болып шақырылған. Ұлы Отан соғысынан елге 1945 жылы жеңіспен оралған.
Майдан даласындағы жасаған іс-қимылы үшін «Ерлігі үшін» және көптеген орден-медальдармен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдары 1946-1950 жылдар аралығында Көктал ауылында мектепте ұстаз болып қызмет жасаған. 1950-1960 жылдарда Құйған ауылындағы «Калинин» атындағы колхозда колхоз төрағасы болып қызмет атқарған.
1960-1971 жылдары «Құйған» совхозында ауылшаруашылығы саласында әртүрлі зоотехник, ферма меңгерушісі қызметтер атқарған.
1971-1975 жылдары өмірінің соңғы күндеріне дейін Алматы облысы, Жамбыл ауданында «Заготконторда» қызмет істеді.
Бейбіт өмірде еңбектің көрігін қыздырып, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
1975 жылы өмірден өтті.