Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы маусым айының 23-і күні сағат 15-00-де Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, аудандық Мәдениет үйінде Бақанас ауылының солтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері ардагері Шоханов Еркебек көшесі деп атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Байланыс телефондары:  91645,   91742.

 Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты.

                                                           

       Шоханов Еркебек 1920 жылы Балқаш ауданы, 18 ауылдық кеңесінде (қазіргі Құйған ауылында) дүниеге келген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына Балқаш аудандық әскери комиссариантынан аттанған. 1945 жылы генерал-майор Аркадий Снегуров қол қойған жауынгердің жеке ерлігі туралы баяндау хатта  Польша жерінде, Висла өзенінің батыс жағалауындағы неміс басқыншыларының қорғанысын бұзып өту кезінде (9 қаңтар 1945жыл) пулемет оқтарының қардай борап тұрғанына қарамастан, біздің әскерилерге бөгет жасап тұрған миномет батареясын, 3 пулеметті анықтап, оларды тас-талқан етті. Сержант Шоханов Еркебек зенит бригадасын анықтап, нәтижесінде, дивизия шабуылымен ол  позициялар жойылып, жау орнын тастап кетуге  мәжбүр болды. Осы шайқаста сержант Шоханов Еркебек жеке өз басы «немістің 6 автоматшысы мен 2 фаустниктің көзін жойды» деп жазылған. 1945 жылдың 18 мамыр күні қазақ сарбазына көзсіз ерлігі үшін «Қызыл Ту» ордені беріліпті. Марапатқа Маршал Г.К.Жуков және әскери кеңестің мүшесі, генерал-лейтенант Телегин қол қойған. Одан бөлек Еркебек Шохановқа  «Даңқ» орденін ұсынған.

         1945 жылы 23 сәуірде майдан даласында ауыр жарақаттан қайтыс болды.

Дата публикации
24 мая 2025