Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы маусым айының 23-і күні сағат 15-00-де Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, аудандық мәдениет үйінде Бақанас ауылының солтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Смағұлов Сүлеймен көшесі деп атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Байланыс телефондары:  91645,  91742.

 Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты.

Смағұлов Сүлеймен 1917 жылы 14 мамырда Балқаш ауданы, Жиделі ауылында дүниеге келген.

          1941 жылы маусымда әскер қатарына шақырылып, 131 артиллериялық полктың барлаушысы ретінде ант қабылдады, кейін сол полктан 85мм зеңбірек және 152 мм гаубица орудиясы командирі болып тағайындалды.

          Соғысты біріншілер қатарында болып, атақты Брест қамалын қорғауда фашистер соққыларын қабылдады.

          Ұлы Отан соғысы басталған күннен  бастап, қатардағы жауынгер  Смағұлов Сүлеймен тарапынан Отан қорғаушы жауынгерлік рухы шынайы патриотизмі көрінді.

          Смағұлов  Сүлеймен әрқашан майдан даласында алғашқы қатарында болып, жаудың танкілерін жоюға атсалысып, жеңіс күнін жақындатып, Германияға жетіп, сол шабуылда жарақат алып, 1944 жылы желтоқсан айында елге қайтты.

Неміс басқыншыларына күресудегі көрсеткен ерлігімен батылдығы үшін Смағұлов Сүлеймен екінші  дәрежелі  Отан соғысы орденімен, «За Победу над Германией» медалімен марапатталды.

1986 жылы өмірден өтті.

Дата публикации
24 мая 2025