Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы маусым айының 23-і күні сағат 15-00-де Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, аудандық мәдениет үйінде Бақанас ауылының солтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымбеков Рахымберлі көшесі деп атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.
Байланыс телефондары: 91645, 91742.
Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты.
Қасымбеков Рахымберлі 1924 жылы 08 қарашада Балқаш ауданы, Қарой ауылында дүниеге келген.
1942 жылғы 3-ші тамызда қолына қару алып, қан майданға аттанады. Алғашында аэродромдық қамтамасыз ету батальонында қатардағы жауынгер болып, кейіннен командирлері оның екі тілде сауатты, білімді екенін байқап, штабқа әскери хатшы (писарь) етіп алады. Сол жылдары сұрапыл соғыстың дәл ортасында жаумен соғысады. Мәскеу мен Калиниградты қорғау кезінде жаудың оғынан жарақат алады. Соғыс жылдары Прибалтика жеріне дейін барып қайтты. Майданда 1945 жылдың қыркүйек айына дейін болып, Жеңіс туы желбірегеннен кейін 4 ай өткен соң туған жеріне оралады.
1994 жылғы 26 сәуірде туған жерінде қайтыс болды.