Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы маусым айының 23-і күні сағат 15-00-де Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, аудандық мәдениет үйінде Бақанас ауылының солтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Елеубаев Сәскебай көшесі деп атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Байланыс телефондары:  91645, 91742.

                                                Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты.

Елеубаев Сәскебай 1921 жылы дүниеге келген. Әскер қатарына 1941 жылы Қазақ ССР-і  Балқаш аудандық әскери комиссариатқа 1 ауыл кеңесі, Дихан (қазіргі Құйған маңы) ауылынан шақырылып, ұрысқа 1942 жылдың қаңтарынан кірген.

Ұлы Отан соғысы барысында қатардағы жауынгерден бастап, сержант атағында 102 атқыштар дивизиясының 16 атқыштар полкі құрамында 45-минометтық батарея командирі болған.  Орел - Курск бағытындағы қорғаныс (оборонительная битва) шайқасы қалпында басталып, соңынан немістердің жазғы шабуылын тойтару мақсатында жоспарланған және жүзеге асқан шабуылдау (наступательная битва) шайқасына ұласқан әскери-соғыс қозғалысының басынан бастап соңына дейін, яғни 1943 жылдың 27-наурызынан 23-тамызына дейін қатысқан. Орел бағытындағы шайқастардағы ерлігі үшін «За боевые заслуги» медалімен наградталған.

1943 жылдың 23 тамызына дейін созылған Ұлы Отан соғысы тарихындағы ауыр шайқастардың бірі - Курск түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, №1451 эвакуациялық госпитальден  06.10.1943 жылы елге қайтқан.

102 атқыштар дивизиясының 16 атқыштар полкі осы Курск түбіндегі шайқаста жаппай опат болып, ауыр жарақат алып, ес-түссіз күйде госпитальға жеткізілген сержант Елеубаев Сәскебай Орталық штабқа хабарсыз кеткендер тізімімен берілген. Кейін госпитальде жатып, мобилизацияланғаны белгілі болып, осы шайқастағы ерлігі үшін Ортаазиялық әскери округ «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен наградталған.

ІІ дәрежелі мүгедектігі бар майдангер Елеубаев Сәскебай Ұлы Жеңістің 35 жылдығы қарсаңында 1980 жылдың 3 мамырында дүниеден өтті.

Дата публикации
24 мая 2025