Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы маусым айының 23-і күні сағат 15-00-де Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, аудандық мәдениет үйінде Бақанас ауылының солтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Дүйсенов Сәдуақас көшесі деп атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.
Байланыс телефондары: 91645, 91742.
Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты.
Сәдуақас Дүйсенов, 1910 жылы Балқаш ауданы, №7 ауыл кеңесінде (қазіргі Қарой ауылында) дүниеге келген. 1917 жылы осындағы мектептің табалдырығын аттап, 1924 жылы тәмәмдаған. 1929 жылы Алматы қаласындағы Ауылшаруашылығы институтын бітіріп, Балқаш ауданық партия комитетінде қызмет атқарған. Білімді әрі білікті маман 1931 жылы партия қатарына қабылданған.
Ұлы Отан соғысына 1942 жылы аттанып, жаңбырша жауған оқ пен оттың ортасында жүріп, майданда лейтенант шешін алған Дүйсенов Сәдуақас далалық почта (п\п) 82 әскери бөлімшесінің №10 танк корпусының СУ-100.1207 самоходного артполк командирі болып Белоруссия жерінде, Днепр өзені үшін болған үлкен шайқасқа қатысып, 16.02.1945 жылы Қаһарман ерен ерлігімен ұрыста қаза тапқан.
Опасыз жауға қарсы болған соғыстағы ерлігі үшін «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденінің» иегері атанған.
Отан қорғау жолында шейіт болған мәңгілік тыныс алған мекені Орлов облысы, Сметские Выселки селосы.
Дүйсенов Сәдуақастың есімі, оның ұрыста қаза тапқандығы жөнінде Балқаш ауданынан соғысқа атттанған жерлестеріміз жайлы мәлімет беретін «Боздақтар» кітабында және «Память народа» сайтындағы ақпараттарда, аудан орталығындағы және Қарой ауылындағы «Боздақтар» монументінде жазылған.
1945 жылы қан майданда ерлікпен қаза тапқан, жат жердің топырағын мәңгілікке жастанған Дүйсенов Сәдуақастың есімі бәріміздің жүрегімізде жазылып тұр.