Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы маусым айының 23-і күні сағат 15-00-де Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, аудандық Мәдениет үйінде  Бақанас ауылының шығысында орналасқан атауы жоқ 3-ші көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Алтынбаев Сейткерім көшесі деп атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Байланыс телефондары:  91645, 91742.

 Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты.

  

    Алтынбаев Сейткерім - 1917 жылы Балқаш ауданының  қазіргі Жиделі ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітірген. Жастық шағы 30-шы  жылдардың алғашқы кезеңіндегі ашаршылыққа тұспа-тұс келіп, өмірдің қиыншылығын көп көрген. Еті тірі елгезек бала жеті сыныптық білімімен 1938 - 1942 жылдар аралығында «Ленин» атындағы колхозда бухгалтер болып жұмыс атқарды. 1942 жылы майданға шақырылды. Қазақ жерінен соғысқа аттанған өрендермен бірге 905-ші атқыштар полкінде  бірінші Беларусь майданына тап болды. Совет Одағының маршалы Г.К.Жуковтың басшылығымен әскер қатарында соғыса жүріп, жау ошағы Берлинге дейін аман жеткен. Жеңістен кейін елге, туған жерге оралып, ауданның әртүрлі мекемелерінде жұмыс істеді. Соғыстан кейінгі тіршілікті қалыпқа түсіру жолында белсене еңбек етті.

     2016 жылы өмірден өтті.

Дата публикации
24 мая 2025