Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы маусым айының 23-і күні сағат 15-00-де Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, аудандық мәдениет үйінде Бақанас ауылының шығысында орналасқан атауы жоқ 1-ші көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдірасылов Сейдахмет көшесі деп атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Байланыс телефондары:  91645, 91742.

 Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты.

 

Әбдірасылов Сейдахмет, 1923 жылы Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген. 1942 жылы мамыр айында Қызыл Армияға шақырылды. Ұлы Отан соғысындағы майданда 1942 жылдың қыркүйегінен бастап, Воронеж майданы, 40-Армия, 389-атқыштар взводы, 957- атқыштар полк құрамында, танкке қарсы қару бөлімшесінің командирі болды. 1943 жылдың қысында Кеңес Армиясының шабуылына қатысып, Белгород, Актирка, Золошова, Богодухова және басқа да көптеген елдімекендерді азат етті. Ол әйгілі "Курск доғасы", Прохоров бағыты шайқастарына қатысты, ол жерде негізгі, ауыр шайқастар болған. Белгород қаласы босатылғаннан кейін, 07.08.1943 жылы ауыр жарақат алды. 1944 жылы қаңтарда госпитальдан шыққаннан кейін, ол әскерге қайта оралды. 47- бригаданың жеке теңіз жаяу әскері құрамында Беларуссияның, Латвияның, Литваның Батыс облыстарын азат етуге, Шығыс Пруссияны, оның ішінде Кенисберг пен Мемельді басып алуға қатысты. Польшаның Балтық жағалауын азат етуде қатысты. Сондай-ақ, Рокосовскийдің басшылығымен Беларусь майданының құрамында, Данциг қаласын басып алуға қатысты.

Ұлы Жеңісті 9 мамыр күні Германия жерінде, Берлиннен оңтүстік-батысқа қарай, 100 шақырым жерде қарсы алды. 1945 жылдың жазына қарай Батыс Беларуссияға оралды. Жергілікті бандаларды жоюға қатысты. Әрі қарай ол Бобруй әскери округіне қайта орналастырылды. 1946 жылдың көктемінде Минск әскери округіне көшірілді, ол жерден 1947 жылы наурызда демобилизацияланды.

 2010 жылдың қарашада дүниеден озды.

Дата публикации
24 мая 2025