Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес, 2020 жылғы қазан айының 26- күні, сағат 11-00-де Балқаш аудандық әкімдігінің мәжіліс залында Бақанас ауылының солтүстік-батыс жағында  жаңадан салынып жатқан саябаққа атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз:

 

Сүндетбай болыс Смайылұлы- 1873 жылы қыркүйекте Алматы облысы, Балқаш ауданы, Көктал ауылының аумағында дүниеге келген. Әке-шешесі Смайыл-Балқия орта ауқатты адам болған. Смайыл- Мыржық атасының старшыны әрі биі болып, ел билеу жұмысына араласып, елдің тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік өміріндегі мәселелерді шеше білген, сауатты  адам болған. Балалары шетінен еті тірі, пысық болып, ел өміріне белсене араласқан. Ұлдарының ішінде Сүндетбайдың болашағынан үлкен үміт күткен. Смайылұлы Сүндетбай Төменгі Іле болысының басқарушысы болып, екі мәрте сайланыпты. Сүндетбай ел басқарған кезде ауыл-ауылды аралап, елінің жағдайын, халқының қамын ойлап, ел арасындағы дау-дамайды шешіп, үнемі ат үстінде жүрген. Әкесі Смайылды алып, қажылық сапарға аттанған. Мекке сапары кезінде оның қасына ерген серіктері Сүндетбайдың ақылы мен қайратына риза болады. Алғыр, жүректі Сүндетбай жол қиындығы мен кедергілерді жеңе білді. Қасиетті Қағбаны көздерімен көріп, қолдарымен ұстап қажылық сапарларын  орындап, қасындағы серіктерімен еліне аман-есен оралған. Әкесін Мекке қаласына, қажылық сапарға апарып, әкесі мен өзі қажы атанып келуі, Сүндетбайдың атағын аспандата түсті. Ақыл-парасатымен, шынайы, сыпайылығымен, талғампаз, сырбаздығымен өмірінің соңына дейін айнымады.

Дата публикации
26 сентября 2020