Балқаш аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 14-бабының 6-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Балқаш аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Балқаш аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округі Балқаш ауданының шекарасы аумағында құрылсын.
  2. Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Дата публикации
27 октября 2020