ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта ат ау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы наурыз айының 17-і күні сағат15-00-де Балқаш ауданы, Бақанас ауылдық округі, Үшжарма ауылында орналасқан «Үшжарма негізгі орта мектеп жанындағы интернат» залында «Бақанас ауылдық округі, Үшжарма ауылына қарасты Лесная көшесінің атауын Іле көшесі деп қайта атау беру туралы» мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.
Байланыс телефондары: 91645, 91742.
Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты.
Қосымша мәлімет
Іле- Балқашкөлі алабындағы өзен және Жетісудағы ең ірі өзен болып табылады. Жалпы ұзындығы - 1439 шақырым. Орталық Тянь-Шань (Тәңіртау) тауларынан бастау алатын Текес пен Күнес және Қас өзендерінің қосылуынан пайда болып, Балқаш көліне құяды. Бұл өзеннің 815 шақырымы Қазақстанда жатыр.Өзен мұздықтармен, жерасты суларымен толығады. Арнасы көп жерінде қамысты, тоғайлы.Жетісу өзендерінің бірі болып саналанады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасы орналасқан.