ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы ақпан айының 24-і күні сағат 15-00-де Балқаш ауданы, Бақанас ауылдық округі, Үшжарма ауылында орналасқан «Үшжарма негізгі орта мектеп жанындағы интернат» залында «Бақанас ауылдық округі, Үшжарма ауылына қарасты Лесная көшесінің атауын Іле көшесі деп және Паршина көшесінің атауын Достық көшесі деп қайта атау туралы» мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.
Байланыс телефондары: 91645, 91742.
Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты.
Қосымша мәлімет
Достық - жақын жора-жолдастық, бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақыратын кең мағыналы әрі құнды ұғым. Ұлы сезімдердің, рухани, шынайы қатынастың бірі. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне деген шынайы сенімінен басталады. Әке мен бала арасындағы достық, ұстаз бен шәкірт арасында, ана мен қыз, әріптес, дос-жараң, ағайын-туыс, көрші-қолаң, ұлттар арасындағы достық болады. Даңа халқымызда «Алтын берген - дос емес, ақыл берген - дос», «Досы көпті - жау алмайды» деген нақыл сөздер бар. Достық неғұрлым шынайы болса, одан келер рухани тұрғыда пайдасы да соғұрлым зор әрі өміршең болады.
Іле - Балқаш көлі алабындағы өзен және Жетісудағы ең ірі өзен болып табылады. Жалпы ұзындығы - 1439 шақырым. Орталық Тянь-Шань (Тәңіртау) тауларынан бастау алатын Текес пен Күнес және Қас өзендерінің қосылуынан пайда болып, Балқаш көліне құяды. Бұл өзеннің 815 шақырымы Қазақстанда жатыр. Өзен мұздықтармен, жерасты суларымен толығады. Арнасы көп жерінде қамысты, тоғайлы. Жетісу өзендерінің бірі болып саналанады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасы орналасқан.