2020 жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында бірқатар жұмыстар атқарылып, негізгі көрсеткіштерде өсу қарқыны байқалады.
Өнеркәсіпте 1 957,8 млн.теңгенің (2019ж 1571,5 млн тг) өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 105,5 пайызды құрады (жылдық жоспар 2 333,7 млрд теңге).
Жалпы қаңтар-қыркүйек айларында аудан экономикасына 5 163,3 млн. теңге инвестиция тартылып нақты индекс көлемі 109,5 пайызға артты (2019ж 4650,0 млн.тенге), (жылдық жоспар 7 млрд 670 млн. теңге).
Ауыл шаруашылығында 18 571,5 млн.теңгенің (2019ж. 16379,0 млн.тг.) өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрады (Жылдық жоспар 27,5 млрд теңге).
Егін шаруашылығы бойынша 29809 гектар жерге егіс егіліп, оның ішінде жаздық дәнді дақылдар 16091 гектарды құрады ( күріш 8861 га, арпа-бидай 7030 га, дәндік жүгері 200 га, картоп 490 га, көкөніс 370 га, бақша дақылдары 40 га, мал азықтық дақылдары 12818 га). Арпа-бидай орағынан 13357 тонна астық жиналып, орташа өнім 19,0 центнер құрады (2019 ж. 13007 тонна), оның 1300 тоннасы тұқымдыққа қойылды.
Қыркүйек айынан күріш дақылын шабу, бастыру жұмыстарына 26 комбайн қатысып, егілген 8861 га күріштен 8280 га шабылып, 7617 га бастырылып, орташа өнімділік 40,0 ц/га болады деп күтілуде. Егіс орағы қазанның 25-не толығымен аяқтау жоспарланған. (жоспар 32,7 мың тонна)
Күзгі дала жұмыстарына арзандатылған 620 тонна (көктемде 600 тонна толық алынды) дизель отыны бөлініп пайдаланылуда. Күзгі сүдігер (зябь) дайындау жұмыстары да қолға алынуда.
Қысқы мал азығына 50 600 тн пішендеме (100,0 пайыз), 5 6500 тн сүрлем дайындалды (100,0 пайыз). Мүның сыртында 168 400 тонна табиғи шөп және жоңышқа жинақталды, немесе 100,0 % (жоспар 275 500 тн).
Мал шаруашылығы бойынша аудандағы ірі қара малы саны 96 987 басқа жетті (2019ж 96974 бас), немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 100,0 пайызға, жылқы 26 773 басқа (2019ж 25407 бас), 103,6 пайызға, түйе 128 бас (2019ж 128 бас), 100,0 пайыз, барлық құс 28285 (2019ж 28285), немесе 100,0 пайыз болып, қой-ешкі 104 133 басқа жетіп, 101,0 пайызды құрады (2019ж 104 133 бас).
Аудан бойынша асыл тұқымды мал санының үлесі: ірі қара 22687 бас болып, 23,1 пайызға, қой-ешкі 7468 бас болып, 7,1 пайызға, жылқы 5662 бас болып 21,0 пайызды құрайды.
Жалпы 9 ай ішінде 11 686 тонна тірідей салмақта ет (былтыр 11493 тонна, 101,7 пайыз), 18 605 тонна сүт (былтыр 175353 тонна 107,2 пайыз) және 2 676 мың дана жұмыртқа өнідірілді (былтыр 2627 мың дана, 101,8 пайыз).
Ет экспорты бойынша ауданға берілген жоспар 275 тонна болса, бүгінгі күнге 100 тонна ет экспортталды. Барлығы мал бордақылау алаңдарына 754 бас бұқашықтар өткізілді. Жыл соңына дейін жоспар толығымен орындалады.
9 айда бөлшек сауда айналымының көлемі 2 387,4 млн. теңгені құрап (2019ж-2266,1 млн.тг.), нақты индекс көлемі көрсеткіші 98,5 % болды (жылдық жоспар 4,2 млрд теңге, 100% орындалады).
Құрылыс жұмыстардың көлемі 3 372,4 млн. тенгеге орындалып (2019ж 3084,4 млн.тг.), нақты көлем индексі 109,1 пайызды құрады (жылдық жоспар 7136,0 млн теңге). Барлығы 5,5 мың шаршы метр тұрғын үй, немесе 97,2 пайызға тұрғын үй іске қосылды (2019ж 5,7 мың м2). (жылдық жоспар 7,5 мың м2).
«Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Бақанас ауылынан «Дене шынықтыру және сауықтыру» (ФОК) кешенінің құрылыс жұмыстары 2019 жылдың қазан айынан жалпы құны 1 млд. 102 млн. 456 мың теңгеге басталып, бүгінге 65% жұмыстар аяқталды. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2020 жылдың желтоқсан айы.
Сонымен қатар Бақанас ауылындағы жалгерлік 20 үй құрылыс жұмыстарына 321,1 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге 304,0 млн. теңге қаражат игерілді, немесе 99% құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазан айында қолданысқа беріледі. («Капстройгрупп-Т» ЖШС-гі).
Бақанас ауылындағы (40 га) жеке меншік тұрғын үйлер құрылысына инженерлік коммуникациялық желілерінің сумен жабдықтау құрылысына 130,8 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстары 100%-ға орындалды. Қазіргі таңда 8 000 метр су құбыры жүргізіліп, 125 құдық орнатылды. (ЖШС «Данекер» компаниясы).
40га жеке меншік тұрғын үйлер құрылысына инженерлік коммуникациялық желілерінің электрмен жабдықтау құрылысына 249,7 млн. теңге бөлініп бүгінге 170,0 млн. теңге қаражатына 370 электр бағаналары қойылды. Жұмыстың 80% атқарылды. («Строительно-монтажная фирма Мехколонна №59» ЖШС).(Құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталады)
Бақбақты ауылындағы «Солнышко» балабақшасын сейсмикалық күшейте отырып қайта жаңғырту құрылысына бөлінген 367,2 млн. теңгенің жұмыстары 45% атқарылып, 135,1 млн. тенгесі игерілді. («Голден сити ДС»ЖШС). (Желтоқсан айында қолданысқа беріледі)
«Өңірлерді дамыту -2020» бағдарламасы аясында 3 ауылға 24,8 млн теңге бөлініп жұмыстары жүргізілді (Бақбақты ауылының кіреберістегі Хван көшесінің абаттандыру жұмыстарына 11 607,0 мың теңге, Балатопар ауылының орталық саябағының абаттандыру жұмыстарына 3 500,0 мың теңге және Бірлік орта мектебінің абаттандыру жұмыстарына 9 700,0 мың теңге). Жұмыстар толығымен жүргізілді
Шағын және орта кәсіпкерліктегі тұлғалардан бюджетке барлығы 810,3 млн.теңге салық және басқа да төлемдер түсті (2019 ж -750,5 млн..тг.). Жалпы аудандағы белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1725, ондағы жұмыс істейтін адамдар саны 5540, барлық өндірілген және сатылған өнім, көрсетілген қызмет көлемі 44,1 млн теңге.
2020 жылдың 9 айында жалпы бюджетке 892,2 млн теңге түсіп, жоспар 122,3%-ға, оның ішінде жергілікті бюджетке 708,9 млн теңге 126,7%-ға орындалды.
Бюджет шығысы 9 айда 7 465,1 млн теңгені құрап 98,3% орындалды (былтырғы жылы 99,2%).
Салық берешегі 18,7 млн теңгеден 41,6 млн теңгеге өсіп қайтару жұмыстары ұйымдастырылуда. Жыл аяғында қалыпты жағдайға келтірілетін болады
Денсаулық сақтау саласы бойынша: санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және коронавирус инфекциясының әкелуі мен таралуының алдын алу бойынша аудандық орталық аурухана, аудан емдеу ұйымдары тарапынан төмендегі іс-шаралар іске асырылуда:
Ауданда коронавирус инфекциясының әкелуі мен таралуының алдын –алу мақсатында ортылық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 2 орын (2 бокс) ұйымдастырылды.
Коронавирус инфекциясына күдіктілерді оқшалаулап жатқызуға аурухананың Алматы облыстық паллиативтік көмек көрсету орталығынан 30 төсек провизорлық госпиталы, КВИ-мен ауырған науқастармен қарым-қатыната болғандарды оқшаулауға 30 төсектік карантиндік обсервациялық стационар Бақанас мектеп –интернатында дайындалып жабдықталды.
Жалпы аудан көлемінде қосымша обсервациялық госпиталь ретінде 5100 төсек орын пайдалануға ұйымдастырылуда, оның ішінде емдеу мекемелерінен 7, білім беру мекемелерінен 23, мәдениет саласынан 5 объект бөлінген
Аудандық орталық аурухананың емхана және стационар жанынан ЖРВИ-нің белгілері бар науқастарды бөлу үшін 2 сүзгі (емхана, стационар) ұйымдастырылып, толық жабдықталды.
Медициналық ұйымдарда бет перде, дезинфекция және қол жуу ережелерінің сақталуы қамтамасыздандырылып, аурухана бойынша карантин, «бет перде» тәртібі енгізіп, бөлімдерде, дәліздерде қолды өңдеуге шынтақты дозаторлар (антисептиктерімен) орнатылды.
Аудан емдеу мекемелерінде жүйелі түрде күніне кемінде 3 реттен кем емес, ұй-жайларды (есік тұтқалары, дәретханалар т.б) залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, өңделіп, дезинфекциялық режим қатаң сақталуда.
Коронавирус инфекцияның клиникалық белгілері бар адамдарды ерте анықтау және оқшаулау мақсатында диспансерлік есепте тұрған (5жасқа дейіңгі балалар, жүктілер,қарт адамдарды ) медициналық қызметкерлер тарапынан үй-үйді аралау (подворные обходы),телефон соғу арқылы анықтау жұмыстары қолға алынуда. ЖРВЖ, пневмония, катаральды және дене қызуының жоғарғы белгілері бар пациенттерді орталық аурухананың стационарының және емхананың жеке кіретін/ жеке есігі бар сүзгілер арқылы қабылдануда.
Есепті кезеңде аудан бойынша стационарда 1200 адам ем алып шықты, дүниеге 447 нәресте келді (2019ж 415). Түрлі аурулардан 149 адам қайтыс болған (2019 ж 148 адам).
Бүгінде ауданға қажетті мамандықтар бойынша дәрігерлерді тарту жұмыстары ұйымдастырылуда (қажетті 5 дәрігер: Окулист, ЛОР, Эндокринолог, Онколог, Психиатр).
Орталық аудандық ауруханаға қайта жаңғырту жұмыстарына 1 908,9 млн.теңгеге "НұрШапағатҚұрылыс" ЖШС-гімен келісім шарт жасалып, жұмыстары басталды.
Білім беру саласы бойынша барлығы 18 орта мектеп, 1 мектеп-гимназия, 1 мектеп жанындағы интернат, 1 мектеп-интернат және 2 шағын жинақталған бастауыш мектеп, 1 саз мектебі, 7 балабақша жұмыс атқарады.
Наурыз айында елімізде пандемиялық ауруға байланысты карантин жарияланып, «Қашықтан оқыту» үрдісі енгізілді де, 3280 оқушы (60,9 %) телеарна арқылы, оның ішінде 3084 оқушы «Балапан», 196 оқушы «Еларна» телеарналары арқылы оқытылып, 2108 оқушы (39,1 %) интернет арқылы оқытылды. Саз мектебінің 140 оқушысы қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы білім алса, 2020-2021 оқу жылында 5428 оқушы білім беру мекемелерінің табалдырығын аттап отыр. Қашықтықтан оқыту бойынша 4072 оқушы белгіленіп, аудан балаларының 75 пайызын құрады (179 оқушы Балапан және ЕлАрна телеарналары арқылы, 2280 оқушы Интернет платформалары арқылы), штаттық 7 мектепте 483 оқушы, 14 мектепте кезекші сыныптың 75 тобында 873 оқушы білім алуда.
«Қашықтан оқыту» кезінде сапалы білім беру үшін оқушыларды ақпараттық техника смартфон, компьютер құрылғыларымен құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 1335 компьютер мектеп есебінен берілді. Аудандық білім бөлімінің үнемделген қаржы есебінен (06.04.2020 жылы) қосымша 63 ноутбук алынып, интернеті талапқа сай мектептердегі атаулы әлеуметтік көмек алатын 40 отбасына, көп балалы 23 отбасына (186 оқушыға) уақытша пайдалануға берілді. Аудан бойынша 2797 оқушы қажетті компьютермен қамтылды. Жалпы аудан мектептерінде 760 педагог жұмыс жасап, оның 760-да (100 %) компьютер немесе смартфоны бар (о.і. 25-іне мектеп есебінен берілді).
Білім ошақтарының жұмысын жандандыру барысында үстіміздегі жылы Көктал ауылындағы Ахметов орта мектебіне, жалпықұны 458,8 млн.теңгеге, Құйған ауылының Бозжанов орта мектебіне 61,4 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталды.
Сонымен қатар мәдени ошақтардың жұмыстарын жандандыру барысында Береке ауылының мәдениет үйіне 216,6 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 73 пайызға атқарылды.
Әлеуметтік сала бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 20 адам жоспарланып, 100% жұмысқа орналасты (автослесарь-5, аспаз-10, оператор-5).
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 28 азаматқа 114,5 млн.теңге шағын несие берілді («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан – 16 азаматқа 55,1 млн.теңге, «Балқаш кредиттік серіктестігі» ЖШС-нен – 12 азаматқа 59,4 млн.теңге). Сонымен қатар 7 азаматтың құжаттары қаралып, бүгінде 3 азаматтың келісім шарттары жасалуда.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК көлемінде 38 мемлекеттік грант жоспарланып, 27 адамға 21,1 млн.теңгеге мемлекеттік грант берілді (71,0%). (8 - көпбалалы ана, 12 - жас кәсіпкер, 1-мүгедек, өзгеде - 6).
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 100 адам жіберіліп, 63-і сертификаттарын алды.
25 әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 5,582 млн.теңге қаралып, 29 адам (116 %) әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, 7 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
22 адамға жастар практикасын ұйымдастыру жоспары, 10,7 млн.теңгеге 100 %-ға орындалды. 11 адам аяқтап, 9-ы тұрақты жұмысқа орналасты.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 57,8 млн.теңге қаралып, 702 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді. 329 адам аяқтап, 253 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
293 жаңа жұмыс орындары ашылып, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру 100 пайызға орындалды. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған адамдардың орташа жалақысы 88 926 теңгені құрады.
Азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтауға жататын 5704 азаматтың 5699-ның мәртебесі өзектендірілді (аудан 99,9%; облыс 97,8%).
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен Бақанас ауылындағы С.Сейфуллин көшесін жайластыру жұмыстарына 241,3 млн теңге, Қарой ауылына саябақ салу жұмыстарына 94,3 млн теңге және Бірлік ауылы Бөтешов көшесіндегі скверді абаттандыру жұмыстарына 6,2 млн теңге бөлініп жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.
Халықты сапалы ауыз сумен қамту бойынша Жиделі ауылының ауыз су жүйесін реконструкциялау және қайта салу жұмыстары бойынша жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Жобаның сметалық құны- 316 млн. 638 мың теңге. Сол сияқты Көктал ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы жасалып, сараптама қорытынды алуға құжаттары дайындалуда. Сметалық құны – 95 млн. 993 мың теңгеге есептелді.
Бүгінге халық санымен ауыз су жүйесі 91,1 пайызға қамтылған.
Жылыту маусымына дайындық барысында аудан бойынша 64 сұйық отынмен жағылатын пештердің лимитіне сәйкес қажетті 1 602 851 литр сұйық отынның 1 243 736 литрі (77,6%) және 24 қатты отынмен жанатын пештер мен жеке сектор бойынша аудан тұрғындарына қажетті 8000 тонна қатты отынның 5120 тоннасы, немесе 64% көмір отыны жеткізіліп, 4680 тоннасы (58,5%) тұрғындарға сатылды.
Газдандыру бойынша Бақанас ауылының көшелеріне газ құбырларын тарту жұмыстары басталып, 27 газ тарату щитін орналастыру және 68 242 метрге ауыл іші газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде (төмен қысымды газ құбырының жалпы ұзындығы-54064 метр және орташа қысымды газ құбырының жалпы ұзындығы-14178 метр). 1332 тұрғын үйді қамтиды. Газдың жалпы шығыны 5000м3/сағ болады деп күтілуде.
Жалпы алдағы уақытта барлығы 3 млрд. 728 млн. 278 мың теңгеге, оның ішінде, Миялыға 405 млн. 910 мың теңгеге, Бақбақты 985 млн. 834 мың теңгеге, Бірлік 1 млрд. 18 млн. 914 мың теңгеге, Ақдала 876 млн. 71 мың теңгеге, Бояулы 441 млн. 549 мың теңгеге табиғи газ жүргізілетін болады.
Жол саласын дамыту барысында жыл басынан бері аудан көлемінде тас қабатты жолдарға 22,2 млн теңгеге ағымдағы жөндеу, 1 млрд 127,0 млн теңгеге күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша Ақдала, Ақкөл, Бақанас, Бақбақты, Балатопар, Бояулы, Бірлік, Бура, Қарой және Миялы ауылдарының 12 көшесіне 728,4 млн теңге қаржы бөлініп, жолдар қалпына келтірілуде.