Балқаш ауданының
аумақтық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 11 қазандағы
№ 41 қаулысына қосымша
2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған
№ 3 сайлау округі бойынша Алматы облысының
Балқаш аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың
орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2024 жылғы 21 қазаннан кешіктірмей (14-б. 6-тт., 22-б.) |
|
2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2024 жылғы 21 қазаннан кешіктірмей (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.) |
|
3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Балқаш ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 2024 жылғы 26 қазаннан кешіктірмей (23-б. 5-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 2024 жылғы 26 қазаннан кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну
|
|
|
|
Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен 2024 жылғы 11 қазанда басталады және 8 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (103-б.) |
|
6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін (102-б., 103-б. 6-т.) |
|
7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) Тіркелгенге дейін (104-б. 2-т.) |
|
8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы 2024 жылғы 11 қазанда басталады және 13 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (104-б) |
|
9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде (104-б. 5-т.) |
|
10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей (16-1 б. 6-тт., 104-б. 6-1-т. 1-тт.) |
|
11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін (16-1-б, 6-тт., 31-б.) |
|
12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (104-б. 2-т.) |
|
13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу (жүгінген кезде) |
|
|
|
Сайлау комиссиясы Кандидат тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.) |
|
14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау |
|
|
|
Тиісті сайлау комиссиялары Айына екі рет Қағиданың 23-т. |
|
15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру |
|
|
|
Жергілікті атқарушы органдар және Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін, 2024 жылғы 13 қарашаға дейін (28-б. 6-т.) |
|
16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2024 жылғы 13 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 -ден кейін басталады және 7 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) |
|
17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергілікті атқарушы органдар және Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Балқаш ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, 2024 жылғы 17 қараша (26-1 б. 1-т.) |
|
19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда, 2024 жылғы 22 қарашадан бастап (26-б. 1-т.) |
|
20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2024 жылғы 27 қарашаға дейін (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.) |
|
21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 2024 жылғы 5 желтоқсаннан ерте емес және 7 желтоқсаннан кешіктірмей (37-б. 3-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2024 жылғы 8 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
23. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, 2024 жылғы 8 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2024 жылғы 8 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспайды (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.) |
|
27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.) |
|
28. Мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындыларын анықтау |
|
|
|
Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей, 2024 жылғы 9 желтоқсаннан кешіктірмей (14-б. 9) т., 44-б. 2- т., 108-б. 2-т.) |
|
29. Мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2024 жылғы 14 желтоқсаннан кешіктірмей (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.) |
|
30. Мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайланған депутатты тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру |
|
|
|
Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.) |
|
31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде (34-б. 4-т.) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.