ӘДЕП КОДЕКСІН САҚТАУ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ҚР Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданған. Бұл Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес олардың моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптары, сондай-ақ мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы көпшілік алдындағы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлықтар стандарттары белгіленген.

Мемлекеттік  қызметшілер  қызметтен  тыс  уақытта:

1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық  жағдайын  баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке нұқсан келтіруге әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтардың құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауына жол бермеуге тиіс.

Сондықтан, жоғарыда аталған кодекстің талаптарын қатаң сақтап, мемлекеттік қызметшілер жоғары лауазым иесі екенін дәлелдеп, барлық күш –жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметке жұмсап, Отанымыз-Қазақстан  Республикасының  игілігін  арттыруға  арнауымыз қажет.

Дата публикации
01 октября 2020