Балқаш ауданының дауыс беру және дауыстарды санау үшін құрылған №112, №117 сайлау учаскелерінің орталығын уақытша ауыстыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                              28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының          23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңының 37 бабына сәйкес және №112, №117 сайлау учаскелері орналасқан ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізуге байланысты Балқаш ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақжар ауылы, Ақжар көшесі №1, Ақжар ауылдық мәдениет үйі мекен жайында орналасқан №112 сайлау учаскесінің орталығы, Ақжар ауылы, Ж.Бәрібаев көшесі №28 Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мекен жайына, Жиделі ауылы, Жамбыл көшесі №8, Жиделі ауылдық мәдениет үйі мекен жайында орналасқан №117 сайлау учаскесінің орталығы, Жиделі ауылы, Н.Несіпбаев көшесі №1 Жиделі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мекен жайларына уақытша ауыстырылсын.
  2. Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясына, сайлау учаскесінің орталығын ауыстыру туралы ақпарат №112, №117 сайлау учаскелері сайлаушыларының назарына жеткізілсін.
  3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында және Балқаш ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппарат басшысының м.у.а М.Сейтқұлға жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                        А.Құтпанбетов

Дата публикации
04 сентября 2024