Балқаш ауданы бойынша жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы ветеринариялық профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жүргізілуде. Жыл басынан аудан бойынша сібір жарасы ауруына қарсы 47 197 бас ірі қара малы, 50730 бас ұсақ мүйізді мал, 16390 бас жылқы, 474 шошқа, 76 бас түйе, ауысыл ауруына қарсы 94389 бас ірі қара мал, 102329 бас ұсақ мал, пастереллез ауруына қарсы 47 535 бас ірі қара мал, 38852 бас ұсақ мал, 500 бас шошқа, қой шешегіне қарсы 29065 бас, нодулярный дерматит ауруына қарсы 66435 бас ірі қара мал, эхинококкоз ауруына қарсы 8839 бас етқоректі, қарасан ауруына қарсы 31600 бас ірі қара малы, Түйе обасына қарсы 80 басқа вакцина егілді. Жылқы маңқасы ауруына қарсы 550 бас, туберкулез аурына қарсы 10 000 бас ірі қара малына аллергиялық тексеру жүргізілді.
Бруцеллез ауруына қарсы 68250 бас ірі қара мал, 69431 бас ұсақ мал, 2 бас жылқы, 130 бас шошқа, 50 бас етқоректілерден қансынамасы алынып, диагностикалық зерттеу жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 8 бас ірі қара мал, 47 бас ұсақ мүйізді мал бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсетті. Бруцеллез малдар дер кезінде оқшауланып, Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округінде орналасқан қайта өңдеу кәсіпорнына «Алтынбеков» жеке кәсіпкерлігіне санитариялық союға тапсырылды.
Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша 18003 бас ірі қара мал төлі, 25983 бас ұсақ мал төлі, 5995 бас жылқы төлі, 391 бас шошқа төлі, 9 бас түйе төлі бірдейлендірілген.Жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Балқаш ауданы бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты.