Балқаш ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкілі Қ.А.Ақылбековтың өткізген жиынының
ХАТТАМАСЫ
Бақанас ауылы 04 желтоқсан 2023 жыл
Төрағалық етуші: Аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан бойынша әдеп уәкілі Қ.А.Ақылбеков
Жиынға қатысқандар: Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық бөлім басшылары, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері.
Күн тәртібінде:
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша заңнама нормаларына енгізілген толықтырулар туралы.
Әдеп уәкілі мемлекеттік қызметшілерге, ішкі істер және әскери қызметкерлерге ойын мекемесіне баруға тікелей тиым салынатынын айтып түсіндірді. Сонымен бірге, құмар ойындарға шамадан тыс әуестік мемлекеттік қызметшілерді басқа заңсыз табыс көздерін іздеуге итермелеуі мүмкін екендігі айтып ескертті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының ағымдағы жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары туралы айтып түсіндірді. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы жұмыс уақытын жиынтық есепке алуды белгілеу кезінде төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында айына он екі сағаттан және жылына бір жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс. Сонымен қатар, еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа жоғартылған, бірақ, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 89-бабына сәйкес, жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін туралы ескертті.
Балқаш аудан әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің басшыларына, ауыл әкімдеріне қызметтік автокөліктерді пайдаланудың келесі тәртібі белгіленіп, қызметтік автокөліктер қызметтік қажеттілік мақсатында жұмыс күндері сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін пайдаланылатынын, қызметтік автокөліктер қызметтік қажеттілік мақсатында жұмыстан кейінгі уақытта және демалыс уақыттарында аудан әкімінің рұқсатымен және аудан әкімі аппараты басшысының келісімімен пайдалану туралы түсіндірді. 10.11.2023 жылы № 74-04/867-И хатымен өкім шығарылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының және Қағидалардың нормаларын сақтау жөнінде баяндап өтті.
Жиын қорытындысы: Заң бұзушылыққа жол берген мемлекеттік қызметкерлер тәртіп жауапкершілікке тартылатыны ескертілсін.
Аудандық бөлім басшылар мен ауылдық округ әкімдері өз ұжымдарындағы мемлекеттік қызметкерлерді осы өзгерістермен таныстырсын
Аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Ақылбеков