Балқаш ауданының проблемалық мәселелері бойынша анықтама

Балқаш ауданының проблемалық мәселелері бойынша анықтама

 

Балқаш ауданы бойынша көтерілген 28 проблемалық мәселенің 4-і денсаулық сақтау саласына, 1-і спорт және мәдениет саласына, 1-і ауыл шаруашылығына, 12-і тұрғын үй-комуналдық шаруашылығына,  3-і жол саласына, 7-і басқада салаларға қатысты.

Жалпы 28 мәселенің 14-і бюджет қаражатын талап етеді, 14-на қаражат қажет емес.

Бюджет қаражатын талап ететін 14-і жобаға бүгінгі күнге бөлінгені 1 297 525 520 млр теңге бөлінді.

 

Бүгінгі күнге көтерілген сұрақтардың 8-і толық орындалды олар: тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы бойынша 7 мәселе, денсаулық сақтау саласы бойынша 1 мәселе олар: Бақанас ауылдық округіндегі Алтынсарина көшесін жарықтандыру, Береке ауылдық округінде медициналық мекеме ғимараты, Көкжиде ауылына көшедегі спорт алаңы, Ақжар ауылдық округінің көше жарығы, Үшжарма ауылының көше жарығы, Топар ауылдық округінің электр қуаты жиі өшуі, Қасқаөгіз ауылының электр қуаты жиі өшуі, Қошқарбай ауылының электр қуаты жиі өшуі.

ЖСҚ дайын болғаннан кейін Балатопар ауылдық округтегі Топар өзені, Бірлік ауылдық округіндегі су құбыр желісі , Құйған ауылдық округіндегі су құбыр желісі, Ақкөл ауылдық округіндегі су құбыр желісі объекттері бойынша қаражат сұралатын болады олар:

Қаражат қажет ететін мәселелер:

Тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы-8

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша-1

Денсаулық сақтау саласы бойынша-1

Жол саласы бойынша-3

Спорт және мәдениет саласы бойынша-1

 

Көтерілген мәселелерді шешу үшін тиісті іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күні жалпы көтерілген сұрақтардың 20-і орындалу сатысында. Оның ішінде: денсаулық сақтау саласы бойынша 3, спорт және мәдениет саласы бойынша 1, ауыл шаруашылығы саласы бойынша 1, тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы бойынша 5,  жол саласы бойынша 3, басқа да салалар бойынша 7.

Дата публикации
04 августа 2023