Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі
жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі 2023 жылғы 25 шілдедегі өткізілген конкурс
отырысына Алматы облысының жер қатынастары басқармасының жердің құқықтық қатынастары
бөлімінің басшысы А.Корпетаев және Балқаш ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Рахымбаев
жұмыс барысына байланысты жер комиссиясының отырысына қатысқан жоқ.
Аудандық жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы,
есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеп,
сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексеріп, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-
жоспар, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап және
салыстырып, төмендегідей шешім қабылдап, жеңімпаздар анықталды.
№1 лот: 1) Карибаев Ардак Амирбекович, инвестицияның болжамды көлемі 9 млн.тг. - 20 балл
(жеңімпаз, комиссия мүшелері бір ауыздан дауыс берді)
2) Мамыров Нурлан Мырзаханович, инвестицияның болжамды көлемі 3 млн.тг - 20 балл
№2 лот: 1) Жорымбеков Серік Балтағұлұлы, инвестицияның болжамды көлемі 4 млн. тг. - 10 балл
2) «Әнел» шаруа қожалығы басшысы Ботанов Кайрат Абилдаевич, инвестицияның болжамды көлемі 15 млн. тг - 20 балл. (жеңімпаз)
№3 лот: 1) «Жалғыз жиде» шаруа қожалығы басшысы Абилдаев Алмабек Шакирович, инвестицияның болжамды көлемі 15 млн. тг. - 20 балл (жеңімпаз)
2) Рысбеков Жасар Ермекович, инвестицияның болжамды көлемі 4 млн.тг - 5 балл
№4 лот: Өтінім түскен жоқ
№5 лот: 1) Сейтбаев Тулеубек Абдикерович, инвестицияның болжамды көлемі 5 млн.тг - 20 балл
2) «Дәуіт» шаруа қожалығы басшысы Батырбаев Дәуіт Қайратұлы, инвестицияның
болжамды көлемі 11 млн. 270 мың тг - 20 балл (жеңімпаз, комиссия мүшелері бір ауыздан дауыс
берді)