Қоғамдық тыңдау жиынының шешімі

Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округіне қарасты Бақанас ауылының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Бап Өмірзақов  атындағы көше бойында орналасқан саябаққа және  Бақанас ауылының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Юсуп Тілеубайұлы атындағы көше бойында орналасқан саябаққа  атауларын беру мақсатында 2023 жылдың 16-шы маусымында тұрғындардың жалпы жиналысы өтіп, оған барлығы 49 адам қатысты. Жиынның қорытындысы бойынша,  Бақанас ауылының солтүстік-шығыс бөлігіндегі, Бап Өмірзақов  атындағы көше бойында орналасқан саябаққа «Ардагерлер саябағы» және  Бақанас ауылының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Юсуп Тілеубайұлы атындағы көше бойында орналасқан саябаққа «Аналар саябағы» атауларын беру жөнінде шешім қабылданып, облыстық ономастика комиссиясына жолданды.

 

                     Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты

Дата публикации
17 июня 2023