Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсетілсін.
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектігі бар адамдарға, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық (қосымша) бекітілсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы ТАӘ
|
|
Аудандық мәслихаттың
«____» ___________2023ж.
№ ____ шешіміне қосымша
|
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне,
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі
үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету туралы
Нұсқаулық
- Жалпы ережелер
- Осы Нұсқаулық Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсетуді айқындайды.
- Санаторий-курорттық емдеуге қаражат қаржыландыру және жұмсау
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
- Бөлім – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы
уәкілетті орган.
- Әлеуметтік көмек көрсету
4.Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беру түрінде әлеуметтік көмек көрсету.
- Санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттар:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын және оның мәртебесін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, денсаулық сақтау ұйымы берген санаторий-курорттық картаның көшірмесі негізінде өтініш берушіге санаторий-курорттық ем ұсынады. Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
- Өтініштерді тіркеуді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі олардың келіп түсу тәртібімен жүзеге асырады.
- Жолдама беруден бас тартылған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тартуды ұсынады.
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қалыптастырылған тізімдерді облыстық басқармаға жартыжылдықта бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынады.
- Санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емделуге жолдамалармен қамтамасыз етуді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі оларды нысаналы мақсаты бойынша пайдалану үшін жүзеге асырады.
- Жолдамалар күнтізбелік жылда бір реттен артық емес 14 күнтізбелік күнге беріледі.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз ету кезінде жолдаманы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініш берушінің қолына береді.
- Есеп, есептілік, жауапкершілік
- Ағымдағы жылы санаторий – профилактикалық мекемелерге келу
аяқталғаннан кейін бөлім облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына берілген санаторий-курорттық жолдамалар туралы есеп береді.
- Бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен әлеуметтік көмек көрсетуге жауапты болады.