ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті аудан тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес, 2023 жылдың 16 маусым күні,  сағат 15.00-де Бақанас ауылының солтүстік-шығыс бөлігіндегі, Бап Өмірзақов  атындағы көше бойында орналасқан саябаққа «Ардагерлер саябағы» және  Бақанас ауылының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Юсуп Тілеубайұлы атындағы көше бойында орналасқан саябаққа «Аналар саябағы» атауларын беру мақсатында тиісті аумақ халқының пікірін ескеру үшін жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетіндігін хабарлаймыз.

         Өтетін орны: «Amanat» партиясы мәжіліс залы, Бақанас ауылы, Д.Қонаев көшесі, №75 А. Байланыс тел: 91645,  91742.

Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты.

Дата публикации
18 мая 2023