Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Балқаш ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5–тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16299 тіркелген) сәйкес Балқаш ауданы әкімдігі      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Балқаш ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

  1. Қаулының орындалуын бақылау Балқаш ауданы әкімі аппаратының басшысы Қ.Ақылбековке жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                       Ғ.Тоқпеисов

Дата публикации
11 мая 2023