1.1. Осы ереже Алматы облысы туралы үздік ұрансөзге (слоган) байқау өткізу тәртібін (бұдан әрі – Байқау) айқындайды, конкурстың мақсаттары мен міндеттерін, қатысу шарттарын, конкурстық өтінімдерге қойылатын талаптарды, бағалау критерийлерін, конкурсты өткізу тәртібін айқындайды. Бұл ереже конкурстық іс-шаралар аяқталғанға дейін өз күшінде болады.
1.2. Бұл байқау Алматы облысының тарихи қалыптасуы мен дамуын, географиялық ерекшеліктерін мейлінше мәнерлі, мазмұнды бейнелейтін ерекше, үнді, есте қалатын ұрансөзін (слоган) жасау мақсатында өткізіліп отыр.
2.1. Байқау 2022 жылдың 1-15 қазан аралығында өтеді.
2.2. Өтінімдерді 2022 жылдың 15 қазанында 23:59-дан кешіктірмей жіберу керек. Кейін ұсынылған конкурстық жұмыстар байқауға қатысуға жіберілмейді.
2.3. Конкурстың қорытындысы 2022 жылдың 20 қазанына дейін шығарылады.
3.1. Байқауға жеке және ұжымдық өтініштер қабылданады.
3.2. Байқау қатысушылары бірнеше жұмыс ұсына алады.
3.3. Конкурсқа ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
3.4. Байқауға қатысу үшін автор немесе авторлар a7fazylova@gmail.com электрондық мекенжайына ұран мәтіні бар өтінім жібереді.
3.6. Байқауға қатыса отырып, жұмыс авторы/авторлары Конкурста ұсынылған ұрансөзі үздік шыққан жағдайда, пайдалану құқығын Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарына беруге келіседі.
4.1. Осы Ережеде белгіленген талаптарды сақтау.
4.2. Қысқа және нұсқа, 3 сөзден аспауы тиіс.
4.3. Ұрансөзде өлкенің тарихи-мәдени және географиялық ерекшеліктерінің көрінісі болу керек.
4.4. Ұрансөздің мазмұны қоғамдық мүдделерге, сондай-ақ, адамгершілік пен имандылық қағидаттарына қайшы келмеуі керек (балағат сөздер, қорлау, кемсіту белгілері, зорлық-зомбылыққа шақыру және басқалар болмауы керек);
4.5. Түпнұсқа бойынша конкурсқа қатысушы өзінің ұрансөз авторы екеніне кепілдік береді/растайды;
4.6. Ұрансөз басқа компаниялардың ұрандарымен және әрекеттерімен қайталанбауы тиіс, оның ішінде, тауар белгілері ретінде бұрын тіркелген ұрандармен шатастыратындай ұқсас болмауы керек;
4.7. Ұрансөз жазбаша түрде көрсетілуі керек.
5.1. Жеңімпазды Алматы облысының әкімі бекітетін конкурстық комиссия анықтайды.
5.2. Осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін конкурсқа келіп түскен материалдарды конкурс комиссиясының мүшелері қарайды.
5.3. Жұмыс тобының шешімі хаттамамен рәсімделеді.
5.4. Жұмысты бағалау үшін балдық жүйе қолданылады. Ұпайлар тең бөлінген жағдайда дауыс беру құқығы төрағаға тиесілі болады.
5.5. Конкурстық комиссия бекіткен конкурс нәтижелері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Комиссия өз шешіміне түсініктеме бермеуге құқылы.
6.1. Комиссия таңдаған ұрансөз жобасы облыстық Қоғамдық кеңеспен келісіледі.
6.2. Ұрансөз облыс мәслихатының шешімімен бекітіледі.
6.3. Облыстың үздік ұрансөзі байқауының қорытындысы Алматы облысы әкімдігінің сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Байқау қорытындысы бойынша таңдалған ең үздік сөз Алматы облысының ресми ұраны болады.
6.4. Байқау жеңімпазы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталады.
Өтінім үлгісі № 1
Алматы облысының үздік ұрансөз байқауына қатысу үшін ӨТІНІМ
Ұрансөз мәтіні:
_________________________________________________________________
Жобаның авторының немесе авторларының (байқауға қатысушының) ТОЛЫҚ АТЫ-ЖӨНІ_____________________________________________________________
Туған күні, айы, жылы:______________
Жұмыс орны, лауазымы, қызмет саласы:
___________________________________________________________________
Ұялы телефон:___________________________________________
Мен Байқау шарттарын оқыдым және келісемін ____________ (қолы)
Үздік шыққан жағдайда өзім әзірлеген ұрансөзді пайдалануға келісімімді беремін. Байқауда жеңіске жеткен жағдайда ұрансөзді пайдалану құқығын Алматы облысының әкімдігіне және жалпы жұртшылыққа беруге келісемін (қолы)
Қолы:______________________
Өтінішті толтыру күні _______________