МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗІЛІМІ, ОЛАРДЫ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАЙТЫН ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗІЛІМІ, ОЛАРДЫ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАЙТЫН ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ

 

12-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілуге жатады.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін, сондай-ақ оның құрылымын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге және бекітуге қойылатын жалпы талаптар

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап екі ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы осы Заңның 15-бабында айқындалатын тәртіппен жария талқылауға жатады.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың күшін жою мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ұсыныстары негізінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі және (немесе) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

 

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

14-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің мазмұнына қойылатын талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт:

1) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) мыналардың:

мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызмет керлерінің) әрекет ету;

мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау;

мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттауды;

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) мыналарды:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;

көрсетілетін қызметті берушінің атауын;

мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін;

мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін;

мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін;

мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін;

көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигін;

мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін;

мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанындағы қосымшаны;

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді.

 

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізіледі.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын жария талқылау үшін оны «электрондық үкіметтің» веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында орналастырады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы хабардар етілуін өзге де тәсілдермен қамтамасыз етеді.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын жария талқылау оның жария талқылау үшін орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп жасайды, ол «электрондық үкіметтің» веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есепте:

қабылданған және (немесе) қабылданбаған ескертпелер мен ұсыныстар бойынша негіздемелер қоса беріле отырып, жария талқылау барысында алынған ескертпелер мен ұсыныстардың тізбесі мен қысқаша мазмұны;

мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталған жобасымен танысу тәсілі туралы ақпарат қамтылады.

Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасына осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен ескертпелері мен ұсыныстары қарауға жатпайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жария талқылау нәтижелері бойынша пысықталған жобасы және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп мүдделі орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне келісуге жіберіледі.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобалары осы бапта белгіленген тәртіппен міндетті түрде жария талқылануға жатады

Дата публикации
16 марта 2022