Балқаш ауданының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы

Балқаш ауданының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес                            5.4.4-тарауына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Балқаш ауданындағы тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Балқаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Балқаш ауданының таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
  • осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Балқаш ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жүнісбеков Жанат Төлегенұлына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Балқаш ауданы әкімдігінің

«___» __________ 2021 жылғы №______ қаулысына қосымша

Балқаш ауданының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы

  1. Жалпы ережелер
  1. Балқаш ауданындағы тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы (бұдан әрі – Реновация бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.
  2. Балқаш ауданындағы тұрғын үй қорын реновациялау – Балқаш ауданындағы авариялық тұрғын үй қорының өсуін болдырмау, тұрғын үй аумақтарын дамытуды және оларды абаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың өмір сүру ортасын жаңартуға және өмір сүруіне, қоғамдық кеңістікке қолайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
  3. Реновация Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық (ескі) тұрғын үйлерді бұзу және одан азаматтарды көшіру жолымен қалалардың «ескі» орамдарын кешенді қайта жаңартуды көздейді.
  4. Реновация бағдарламасы 2035 жылға дейінгі мерзімге қабылданады және соңғы онжылдықтарда жинақталған қалалық ортаның дамуындағы теңгерімсіздікті жоюға және алдағы 10-15 жылда Балқаш ауданында авариялық тұрғын үй қорының жаппай пайда болуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
  5. Реновациялауға жататын объектілердің тізбесі, кезеңдері мен кезектілігі көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс конструкцияларының тозуын, олардың пайдалану талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ сараптама ұйымының қорытындысы негізінде Үй-жайлар иелерінің пікірін ескере отырып айқындалады және оны жергілікті атқарушы орган бекітеді.
  6. Жергілікті атқарушы орган тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын іске асыру үшін уәкілетті ұйымды айқындайды және қаржыландырады.

 

 

  1. Балқаш ауданында тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын іске асырудың өзектілігі

 

  1. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Балқаш ауданының тұрғын үй қоры 33 көппәтерлі тұрғын үйді құрайды. Оның ішінде:

 

Үйлер саны

1930 жыл

1931-40 ж.ж.

1941-50 ж.ж.

1951-60 ж.ж.

1961-70 ж.ж.

1971-80 ж.ж.

1981-90 ж.ж.

1991-2000 ж.ж.

2001-2019 ж.ж.

33

0

0

0

1

5

25

2

0

0

 

Жалпы саны

Панель

Кірпіш

Каркас

33

0

33

0

 

  1. Балқаш ауданындағы апатты тұрғын үйлердің жағдайы:

01.01.2021 жылғы жағдай бойынша, Балқаш ауданында жалпы ауданы          30 083 ш.м. құрайтын 33 тұрғын үй авариялық деп танылмаған.

Бұл категорияның негізін қызмет ету мерзімі төмен көппәтерлі тұрғын үйлер құрайды. Мұндай үйлердің басым бөлігі тұрғын үйді жекешелендіру кезеңінде күрделі жөндеу жүргізбей немесе оны орындау шығындарын өтемей жеке меншікке берілген. Алдағы уақытта тұрғын үй иелерінде қажетті қаражаттың болмауына байланысты бұл үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстар жүргізілуі керек.

 

№

п/п

Үйлердің түрлері

Үйлер саны

Үйлердің жалпы ауданы, м2

Пәтер саны

Пәтерлердің тұрғын алаңы, м2

1

Кірпіш қабырғалары бар

 

 

 

 

2

Ағаш жақтау құрылымдары

 

 

 

 

3

Балшық блоктарының қабырғалары

 

 

 

 

Барлығы:

 

 

 

 

 

 

  1. Балқаш ауданындағы тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасының міндеті

 

  1. Реновация бағдарламасының негізгі міндеті – Балқаш ауданында авариялық тұрғын үй қорының жаппай пайда болуына жол бермеу және сонымен бірге өткен онжылдықтарда жинақталған қала дамуының теңгерімсіздігін түзету және қағидатты жаңа сападағы қалалық ортаны қалыптастыру.

Тұрғын үй қорын сапалы жаңартуды көздейтін Реновация бағдарламасын іске асыру азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді және тұрғын аумақтардың орнықты дамуына, экономикалық, әлеуметтік, өзге де қоғамдық мүдделерді ескере отырып, өмір сүрудің қолайлы ортасын, қоғамдық кеңістікті құруға және аумақты абаттандыруға ықпал етеді, Балқаш ауданында жаңа, қазіргі заманғы келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  1. Реновация бағдарламасын іске асыру кезінде келесі міндеттерді шешу жоспарлануда:
  • жайлы тұруға, демалуға және жұмыс істеуге бейімделген, аралас функциясы бар қалалық ортаның Жаңа жоспарлау құрылымын құру;
  • энергиялық тиімді көппәтерлі тұрғын үйлерді салу, оларды пайдалану шығындарын азайту;
  • экологиялық жағдайды жақсарту;
  • инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және жаңғырту;
  • Балқаш ауданының қазіргі заманғы сәулеттік келбетін қалыптастыру.

 

 

  1. Балқаш ауданындағы тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын іске асыру тетігі мен тәртібі

 

  1. Бағдарламаны жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру кезінде бағдарламаның әкімшісі болып Балқаш ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен айқындалатын болады.
  2. Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын қаржыландыру жергілікті бюджет және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін:

-  жергілікті бюджет;

  • жеке инвестицияларды, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері арқылы тарту;
  • екінші деңгейдегі банктердің қарыздары;
  • квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын тарту;
  • Реновация бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру барысында тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатудан түскен кірістер.
  1. Қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін бағдарлама әкімшісі реновацияға жататын әрбір тұрғын үй бойынша ақпарат жинауды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері, аудандық әкімдік, орталық органдардың аумақтық бөлімшелері және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ 10 жұмыс күні ішінде әкімшінің сұрау салуы негізінде қажетті ақпаратты беруге міндетті, оның ішінде мұнымен шектелмей:
  • көп пәтерлі тұрғын үйдің (үйдің (пәтерлердің) және жер учаскесінің жалпы алаңы, тұрғындардың саны, ауыртпалықтардың (тыйым салулардың) болуы (болмауы) туралы (аумақтық әділет органдары және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ);
  • жаңа тұрғын үйді абаттандыру үшін қажетті іргелес жер учаскелерімен жер кадастрынан үзінді (Балқаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі);
  • тұрғын үйдің қолданыстағы инфрақұрылымы және инфрақұрылым қуаттарын, жақын арадағы сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, кәріз және т. б. қосу нүктелерін ұлғайту мүмкіндігі туралы (Балқаш ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі);
  • тұрғындардың тұрғын үйді реновациялау бойынша ұсынылған іс-шараларға қатынасын көрсететін тұрғындардың жалпы жиналысының хаттамасы (реновацияға жататын тұрғын үйлер аумағында орналасқан жергілікті әкімдіктер).
  1. Қажетті ақпаратты алғаннан кейін Бағдарлама әкімшісі реновациялауға жататын әрбір тұрғын үйге ақпараттық құжат дайындайды.

Бағдарлама әкімшісі дайындалған ақпараттық құжатты жергілікті атқарушы органмен келісілген интернет-ресурста ашық қолжетімділікте орналастырады.

  1. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қажет болған жағдайда Бағдарламаның әкімшісі болып Балқаш аудандық құрылыс бөлімі айқындалатын болады. Бұл жағдайда барлық іс-шаралар тұрғын үйді жаңарту туралы шешім қабылданған сәтте қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Жеке инвестицияларды тарту бағдарлама әкімшісінің және жергілікті атқарушы органның басқа да жауапты құрылымдарының басым міндеті болып табылады.
  3. Жергілікті атқарушы органның жеке инвесторлармен өзара іс-қимыл жасаудағы уәкілетті өкілі тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын іске асыру үшін Уәкілетті ұйым – Балқаш ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі болады.
  4. Әлеуетті инвесторларды тарту үшін интернет-ресурста орналастырылған ақпарат тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да қолжетімді ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
  5. Әлеуетті инвестор интернет-ресурста орналастырылған ақпараттан басқа объект бойынша қосымша қажетті ақпаратты жазбаша сұратуға құқылы. Мұндай жағдайда Бағдарлама әкімшісі немесе уәкілетті ұйым жергілікті атқарушы органның жауапты басқармалары мен аудандық әкімдіктерінен, орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінен және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-дан қажетті ақпаратты сұратады, олар жазбаша сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.
  6. Әлеуетті инвестор мүдделі болған жағдайда ынтымақтастық туралы меморандум жасасу үшін Бағдарлама әкімшісіне немесе уәкілетті ұйымға өтінім береді.
  7. Ынтымақтастық туралы Меморандум барлық жауапты басқармалармен келісілген және тұрғын үйді жөндеу бойынша барлық қажетті іс-шараларды қамтитын аудандық әкімдікпен сәйкес келетін іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспарын қамтуы тиіс.
  8. Ынтымақтастық туралы меморандум жасалғаннан кейін:
  • реновациялауға жататын тұрғын үйлер аумағында орналасқан аудандық әкімдіктер бағдарлама әкімшісімен бірлесіп, инвестордың қатысуымен әлеуетті инвестор ұсынатын шарттармен танысу үшін көппәтерлі үй тұрғындарының жалпы жиналысын ұйымдастырады. Бұл ретте, егер жиналысқа тұрғын үй пәтерлері меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, жиналыс заңды болып есептеледі;
  • Балқаш ауданының құрылыс бөлімі жөндеуге жататын ескі апатты үйлерді жою (бұзу) бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;
  • Балқаш ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі инвестормен бірге жоспарланған тұрғын үйдің эскиздік жобасын әзірлеп, келіседі;
  • Балқаш ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі коммуникацияға техникалық жағдай жасау, инфрақұрылымды жүргізу және жобаланатын тұрғын үйге қажетті қуаттарды арттыру бойынша іс-шараларды қабылдайды;
  • Балқаш ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі жобаланатын тұрғын үйді салу және абаттандыру үшін қажетті жер учаскелерін уәкілетті ұйымға немесе инвесторға алу және беру бойынша барлық қажетті іс-шараларды қабылдайды;
  • барлық жауапты бөлімдер мен жергілікті әкімдіктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тұрғын үйді қайта жаңарту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруда барлық рұқсат беру құжаттары бойынша басым тәртіппен көмек көрсету бойынша міндеттемелер қабылдайды.
  1. Тұрғын үй тұрғындарының мақұлдауын алғаннан кейін Бағдарлама әкімшісі әлеуетті инвестормен құрылысқа негізгі инвестициялық келісім жасасуды ұйымдастырады.
  2. Жасалған Инвестициялық келісімнің негізінде Бағдарлама әкімшісі инвестормен бірлесіп, тұрғын және тұрғын емес үй-жайдың әрбір меншік иесімен үшжақты келісім жасасады, онда Балқаш ауданы әкімдігінің және Инвестордың құрылыс барысында уақытша тұрғын үйді беру жөніндегі міндеттемелері мен кепілдіктері бекітіледі.

 

 

  1. Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын іске асыру кезіндегі жеке және заңды тұлғалардың тұрғын үй және мүліктік құқықтарының кепілдіктері

 

  1. Реновация бағдарламасына енгізілген тұрғын үйлердің барлық меншік иелеріне Инвестордың қаражаты есебінен жаңа тұрғын үйдің құрылысы кезеңінде уақытша тұрғын үй немесе тұрғын үй құрылысы аяқталғанға дейін уақытша тұрғын үйді жалға алғаны үшін ай сайынғы ақшалай өтемақы берілетін болады.
  2. Реновация бағдарламасына енгізілген тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелеріне мынадай талаптарға сәйкес келетін, өтеусіз негізде тең мәнді үй-жайлар берілетін болады:
  • ҚР қолданыстағы тұрғын үй заңнамасының нормаларына сәйкес, берілетін тұрғын үй-жайдағы (тұнғын емес үй-жайдағы) бөлмелердің жалпы ауданы мен саны, босатылатын тұрғын үй-жайдағы бөлмелердің жалпы ауданы мен санынан кем емес;
  • нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес жақсартылған әрлеуі бар үй-жай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген абаттандыру стандарттарына сәйкес келеді;
  • үй-жай Реновация бағдарламасына енгізілген Балқаш ауданының сол ауданындағы көппәтерлі үйде орналасқан.
  1. Балама үй-жайдың орнына, Реновация бағдарламасына енгізілген көппәтерлі үйдің иесі ақшалай немесе заттай нысанда баламалы өтемақы алуға құқылы. Бұл ретте баламалы өтемақы мөлшері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.
  2. Реновация бағдарламасын іске асыру кезінде азаматтардың жайлы өмір сүру ортасын құру қамтамасыз етілуі керек, оның ішінде аумақты көркейтуге қосымша талаптар белгілеу, жолдар желісі, автотұрақ, алдыңғы аймақтағы тротуарлар, аулалар мен квартал ішіндегі жасыл алаңдар ұйымдастыру қажет.
  3. Реновация бағдарламасын іске асыру үшін қоныс аударуға арналған монолитті (құрастырмалы-монолитті) көп пәтерлі тұрғын үйлердің, заманауи панельдік конструкциялардан көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы қамтамасыз етілуі керек. Мұндай көп пәтерлі үйлер энергия үнемдеудің жоғары деңгейіне ие және мобильділігі шектеулі адамдар үшін көп пәтерлі үйлерді бейімдеудің заманауи стандарттарына сәйкес келуі керек.

 

Дата публикации
09 июня 2021