VII шақырылған Балқаш аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

VII шақырылған Балқаш аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

 

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Балқаш аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Балқаш ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 19560 азамат енгізілді,  оның ішінде 18052 адам немесе 92,29 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 18034 адам қатысты, оның ішінде  дауыс беру құқығын  беретін есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны 8 және үй-жайдан тыс жерлерде 160 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 Саяси партия қатысты.

Дауыс беру кезінде саяси партиялар үшін мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясына – 15227 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының пайызы 84,43 % дауысы;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 1425 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының пайызы 7,90% ;

Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясына -1342 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының пайызы -7,44%

«ADAL» саяси партиясына – 40 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының пайызы 0,22%.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды бөлу белгіленген:

«Nur Otan» партиясы – 10 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы –1 мандат.

«Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясы –1 мандат.

 Балқаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 января 2021