
Балқаш ауданында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, аудан аумағында есепті кезеңде наразылық акцияларын, қарсылық шараларын өткізу бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік тұрақтылықты бірқалыпты ұстау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық-саяси ахуалға үнемі мониторинг жүргізілуде.
Аудан бойынша құрылған жұмыс тобы барлық мәселені бақылауға алып, қабылданған іс-шаралар жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік желілер назарда ұсталып, желіге шыққан ақпараттар бақылауда.
Балқаш ауданы бойынша 15 ауылдық округ, 28 елді мекен бар. Халық саны 31079, оның ішінде 14 этнос өкілі тұрақтанған. Сандық сапалық көрсеткіш бойынша: 92,7 пайызы қазақ, 5,1 пайызы орыс, 0,5 пайызы корей, 0,5 пайызы неміс этностарын құраса, қалған этностардың үлесі 0,2 пайыздан төмен көрсеткіште.
Ауданда тұрақтанған этнос өкілдерінің негізгі табыс көзі ауылшаруашылығы. (мал, бау-бақша), мемлекеттік қызметте 0,3%, білім саласында 5 %, оқушылар 7%, денсаулық саласында 0,9% , басқада бюджеттік мекемелерде 0,2%, кәсіпкерлікте 0,3 этнос өкілдері еңбек етуде.
Этнос өкілдері жиі орналасқан Бақбақты, Ақжар, Құйған, Бақанас ауылдық округтерінде жол, ауыз су, медицина, мәдениет, білім беру бағыттары бойынша шешімін таппай тұрған өзекті мәселе жоқ, әлеуметтік жағдайлары қалыпты. Этносаралық тұрақтылықты, ынтымақтастықты қадағалау барысы назарға алынған.
Балқаш ауданы бойынша барлығы 400 көрнекі-үгіт құралдары ілінген. Атап айтқанда, 75 билборд, 2 панно, 16 аспа қондырғы, 307 стенд мекемелерде орналасқан. Оның ішінде 65 мемлекеттік саясат туралы, 21 жекеменшік тақырыпта, 104 «Рухани жаңғыру» бойынша, 15 Жолдау бойынша, 143 мемлекеттік бағдарламалар мен рәміздер жөніндегі көрнекі-үгіт құралдары болып табылады.
Аудан айнасы болып саналатын «Балқаш өңірі» газетінің әрбір басылымында Мемлекет басшысының сындарлы саясатын, Қазақстан халқына арнаған Жолдауларын, стратегиялық мақалаларын жүзеге асыру және халыққа кеңінен насихаттау мақсатында мақалалар және арнайы рубрикалар бойынша танымдық мақалалар үздіксіз жарияланып отырады.
Өңірдегі өркенді істер, өңір тынысы жайлы көптеген мақалалар облыстық басылымдарда да тұрақты түрде жарық көріп отыр. Жыл басынан бері, «Жетісу» газетіне 10 мақала, «Огни Алатау» газетіне 6 мақала жарияланды. «Жетісу» телеарнасында 3 сюжет көрсетілді.
Газетіміздің ресми сайтында, фейсбук, истаграм парақшаларында да өзіндік оқырмандары бар. Басылым беттерімен қатар, ғаламтор желілерінде жарияланған мақалалар оқырман назарына ұсынылып келеді.
Аудан әкімінің және аудан әкімдігінің атына тіркелген әлеуметтік желі парақшаларында да ауданда атқарылып жатқан іс-шаралар үнемі жарияланып тұр.