
«Алматы облысы жастар ресурстық орталығы» КММ – нің филиалы «Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығы» - 2013 жылдан бастап өз жұмысын бастады. 2014 жылдан бастап 15 ауылдық округтердің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар жұмыс істейді.
Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Балқаш ауданында 14-29 жас аралығындағы жастар саны 6347 адамды құрайды.
«Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының » мақсаты: жастардың барлық топтары үшін психологиялық, ақпараттық, консультациялық, әдістемелік көмекті, құқықтық қорғауды және заңдық консультация беруді, техникалық қолдау және оқыту қызметтерін тиімді ұйымдастыру жалпы алғанда, мемлекеттік жастар саясатын насихаттау жұмыстарымен айналысады.
Жастар ресурстық орталығы аудан жастарымен мемлекеттік жастар саясатын насихаттау бойынша жылдық жоспарға сәйкес бірнеше бағыттар бойынша жастардың бос уақытын тиімді пайдалану аясында аудандық, аймақтық, сонымен қоса ауылдық деңгейдегі түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Яғни жастармен атқарылатын бағыттарды айта өтсек, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу жұмыстары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал ету шараларын ұйымдастыру, патриоттық бағыттағы іс-шаралар, мәдени көпшілік іс-шаралар, спорттық іс-шаралар, салауатты өмір салтын насихаттау, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, еріктілік бойынша семинар-тренинг, кездесулер, интеллектуалды байқау, шеберлік сабақтар, курстар, спорттық жарыс түрлері және еріктілердің белсенділігін арттыру, өмірде қиын жағдайда жүрген азаматтарды қолдау жөніндегі шаралар және мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған іс-шаралар кешенін іске асыру, «Egov.kz жаршысы», мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бағыттары бойынша іс-шаралар өткізіліп отырады.